«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстау дизайнерлері қауымдастық аясында

2017 жылғы 09 Ақпан
- Маңғыстау облысы
15243 просмотров

Ақтау қаласында 10 ақпанда «Маңғыстау облысы киім дизайнерлерінің одағы» қауымдастығында таныстырылым өтеді

«Нұр-Шах» сән үйінің негізін қалаушы дизайнер Нұржамал Нұрпейісова қауымдастық президенті етіп сайланды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Сәуле Салихова облыстағы әйелдер кәсіпкерлігі саласында бірнеше кәсіби қауымдастық құруға бастама көтерген. Бұл тізімнің көш басында кәсіби және жас сәнгерлер бірігетін қауымдастық тұрды. Маңғыстау облысында отыздан аса сәнгерлер бар және бұл салаға деген қызығушылық күн санап артып келеді.

«Маңғыстау облысы киім дизайнерлерінің одағы» қауымдастығының басты міндеті – өз ісін енді бастап келе жатқан, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген дизайнерлерге жәрдемдесу, шығармашылық жобаларын ұйымдастырып, қолдау білдіру. 

Қауымдастық өз алдына облыс бойынша күнделікті, салтанатты шараға киетін киімдерді, балаларға, аяғы ауыр келіншектерге арнап киім тігуді, сондай-ақ ұлттық киім үлгісін дайындауды әрі кең қолданысқа енгізуді мақсат етіп отыр

Қауымдастық қызметінің негізгі мақсаты:

- мемлекеттік билік органдары мен өндірістік, ғылыми мекемелердің, қауымдастықтардың, сондай-ақ қауымдастық мүшелерінің арасында дизайн саласында ақпарат алмасу және іскерлік байланысты жақсарту;

- Қауымдастық мүшелерінің ғылыми және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, сондай-ақ кәсіби біліктілікті көтеру, тәжірибе жинау,  мақсатында киім дизайнері мамандары өзара қарым-қатынас орнатуына жақсы жағдай жасау;

- өзге өңірлердің, шет елдің дизайнер мамандарымен олардың дизайн саласындағы қызметін зерделеу үшін және технология алмасу, тәжірибелерін қолдану мақсатында шығармашылық байланыс орнату.

Қауымдастық болашақта өзінің мүшелері үшін шеберлік-сыныптарды, түрлі байқаулар мен сән көрсетілімдерін ұйымдастырмақ. Бұл облыстағы үздік киім дизайнерлерін анықтауға, олардың жасаған жұмыстарын республикаға таратуға, әлемдік деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Іс-шара 2017 жылы 10 ақпан күні «Caspian Riviera Grand Palace» мейманханасында өтеді.

Тіркеу уақыты: в 14.30

Тіркелу үшін және басқа да сауалдар бойынша хабарласу телефоны: +7 7292 31 61 61.

E-mail: nur-shah@mail.ru

www. nur-shah.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер