«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Кеңес

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес

Маңғыстау облысында кәсіпкерлер Палатасының кәсіпкірлер құқығын қорғаудың басым қызметі жан-жақты құқықтарын және мүдделерін қорғау болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін  Палатада құқықтық қорғау бөлімдері жұмыс істейді, қоғамдық мониторинг және мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету.

Құқықтарын қорғау бөлігіндегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында және кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін қорғауға кәсіпкерлер Палатасының жанынан кәсіпкерлердің құқығын  қорғау жөніндегі Кеңес құрылды. Кеңес Палата мәселелері бойынша тиімді және жүйелі шешу, кәсіпкерлік субъектілердің заңды мүдделерін қорғау, ұсыну, құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған, сондай-ақ бизнесту дамыту проблемалық мәселелерді елдерге жариялау. Кеңестің негізгі міндеті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және кәсіпкерлік қызметінің бостандықтары, заңнама және құқық қолдану практикасы бойынша ұсыныстар енгізу, кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік органдар тарапынан және т.б. негізсіз араласуын болдырмау.

Қазіргі таңда Кеңес құрамында 15 адам бар, оның құрамына облыстық прокуратура, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Департамент, табиғи монополияларды реттеу Департамент өкілдері, заңгерлер, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кеңес Маңғыстау облысының кәсіпкерлеріне әділ шешімдер іздеп және оның жүйелі шешілуіне ат салысып келеді.

Осы жылдың басынан бері Кеңестің 4 отырысы өтіп, онда 5 түйіткілді мәселе талқылады. Онда қаралған мәселелер қиындық туындаған іскердің ғана емес, сол салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің барлығына оң әсер етеді.

Мәселенің маңыздылығына қарай Кеңес облыстың атқарушы органдары басшылары мен мүдделі мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен көшпелі отырыс өткізеді. Жиналыс қорытындысында тиісті шешімдер қабылданып, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар жасалады.

Мысалы, 2020 жылдың 31 қаңтарында өткен Кеңестің  отырысында Каз ГПЗ дан өндірілетін сұйытылған мұнайгаздың  проблемалары

06 ақпанда Кеңес отырысының хаттамасының негізінде  Кәсіпкерлер палатасы Электрондық сауда алаңдарында СМГ сауда саттығын ұйымдастыру Алматы Тауар биржасы АҚ өкілімен бірлікте кәсіпкерлердің қатысуымен дәріс семинар өткізілді. Тақырып бойынша кәсіпкерлерге туындаған сұрақтарына жауаптар берілді.

Ертесі Кәсіпкерелер палатасыныың алаңында кәсіпкерлермен облыс әкімінің орынбасары, Экономика Министрінің өкілімен бірлкте кездесу ұйымдастырылып,туындаған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Сонымен қатар, есепті жылы Кәсіпкерлер Палатасымен әкімшілік кедергілер анықталуда, олар бойынша ҚР «Атамекен» ҰКП-на кәсіпкерлердің күрделі сұрақтары тізіліміне енгізуге хаттар жолданды.

 Қоғам мен биліктің, бизнестің сұхбаттасу мәдениетіне Кеңес және Кеңес мүшелері аса назар аударуда.

Осыған орай кәсіпкерлер Палата, Кеңес  ауыл, село әкімдерімен, аудандардағы кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастыру арқылы, қоғамдық және Кеңестің мүшелерімен кәсіпкерлердің арасында кері байланыс орнатылды, өзара әрекеттесу тәжірибесі арқылы кәсіпкерлердің пікірлері мен мәселелерін зерттеу дағдылары қалыптасты.

Мысалы, ағымдағы жылдың 12 ақпанында  Мунайлы ауданында, ал наурыз айында Түпқараған ауданында кәсіпкерлермен, мемлекеттік басшыларымен, аудан және ауыл әкімдерімен аудандық әкімиат жиналыс залында кездесу өтті. Осы кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Кеңесінің атқарған жұмысы жөнінде есеп беріліп жиын барысында кәсіпкерлердің туындаған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Кеңес өз міндеттерін жүзеге асыруда кәсіпкерлермен кездесу және оларды  бекітілген кесте бойынша көшпелі жеке қабылдау күнделікті игі істерінің бірі болып табылады.

Кеңестің жұмыс істеген уақыты барысында аймақ кәсіпкерлерінің анағұрлым көкейкесті, күрделі және өзекті  мәселелерінің түйіні оң шешімін табылуына ықпал тигізуде жұмыстар атқарылғанның нәтижесінде,  кәсіпкерлер тарапынан алғыс білдірілуде.

Кәсіпкерлерге  заңға сәйкес өз құқықтарын қорғауға көмектесу, ал ол өз кезегінде қоғамның, жергілікті биліктің және бинестің арасындағы ынтымақтастықты нығайту механизмдерінің бірі болып табылады. Осы жылы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңес төрағасымен 45 кәсіпкерлер жеке қабылдануында болды, оларға заң шеңберінде тиісті  нақты кеңес, заңды түсіндіру , қажеттілігіне байланысты сот отырысына қатысуда.

Атап айтқанда, 11 маусым 2020 жылы ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша Н.Н.Сюракшинаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы апелляциялық сот алқасыныда Онлайн режимдегі өткен сот процесіне Кеңес төрағасы Ч.Сұлтанов қатысып, бірінші сатыдағы соттың кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынған сот қаулысы өзгертіліп, ескертумен шектелді.

Кеңес өз атқарылған жұмысы жөнінде және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына (жергілікті  газеттерде, теледидарда) әр ай сайын мақалалар жариялауда .

Осы ағымдағы жылда БАҚ Кеңестің атқарған қызметі бойынша 18 мақалалар  жарияланды.

Мысалы, Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасында Онлайн режимде өткен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңес отырысында  Фламинго ЖШС-нен келіп түскен өтініші  кеңінен талқыланып, аталған мәселе  ағымдағы жылдың тамыз айында БАҚ-ында жарияланды.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңесінің байланысы

Амиров Серик Саматович  – Маңғыстау облысының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңесінің хатшысы,  8 (7292) 304040 (вн.4703).

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер Палатасының бөлімі бойынша кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту – 8 (7292) 304040, email: aktau@atameken.kz

Жанаев Амиргали Зеинешович Председатель Совета
Амиров Серик Саматович  Заместитель директора палаты предпринимателей Мангистауской области, секретарь Совета
Измаилов Хажедин Мжаверович Директор ТОО «Заман и К» и «Солют и К», член Совета
Турмагамбетов Ержан Сисенбаевич Заместитель прокурора Мангистауской области, член Совета
Кушкинбаева Ауес Уришановна Заместитель руководителя Департамента юстиции Мангистауской области, член Совета
Байгебаев Кайрат Оразбекович Руководитель Управления превенции и добропорядочности Департамента Агенства по противодействию корупции по Мангистауской области, член Совета
Маршақұлы Жасұлан Руководитель управления Департамента Агентства по делам государственной службы РК по Мангистауской области, член Совета
Момынов Жомарт Бердикожаевич Директор ТОО "Caspi Services Company", член Совета
Ахметова Жибек Аманбаевна Президент ОЮЛ «Гражданский Альянс МО», член Совета
Масугутова Жанара Раймбековна Шев-редактор информ. программы МОФ АО «РТРК Казахстан», член Совета
Есбергенова Звира Тугеловна Заместитель Председателя филиала партии «Нур Отан» Мангистауской области, член Совета
Нурмуханов Рауан Досанович Руководитель отдела Департамента Комитета по защите и развитию конкуренции МНЭ РК по области, член Совета
Суйеуов Кенжегали Куанышбекұлы Председатель Областного объединения «Областной независимый профсоюз Актау», член Совета
Есекенова Татьяна Кажимуратовна Юрист

Еншілес ұйымдар

Серіктестер