«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Алтын сапа»: «Zhamal-ai LTD – сапасы жоғары киім

2017 жылғы 29 Қараша
- Маңғыстау облысы
5259 просмотров

«Алтын сапа» байқауына Маңғыстау облысының атынан 7 компания қатысады

Олардың арасында «Zhamal-ai LTD» ЖШС да бар. Кәсіпорын 1993 жылы құрылған. Фабриканың өндірістік цехтары жоғары технологиялық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, түрлі сұрыптағы өнім шығарады. Кәсіпорынның негізгі бағыты – кәсіби киім мен аяқ киім тігумен айналысады.

Аяқ киімнің сыртқы материалы мен астарына ірі қара малының құрым былғарысы, арнайы сіңдірмемен ылғалға төзімді былғары қолданылады. Ал төменгі жағына екі қабатты полиуретан қолданылады. Бұл техннология аяқ киім саласында анағұрлым жетілдірілген болып саналады.

Арнайы киім түрлі материалдан дайындалады: мақта-мата, оттан қорғайтын және антистатикалық сіңдірмесі бар маталардан тігіледі. Сонымен қатар кәсіпорын мектеп формасын тігумен де айналысады. Мамандар сериялық өндірісті іске қосу үшін үлгілер әзірлеген: спорттық киім, ұлттық киім (тақия, шаман, камзол), барлық жастағы адамдар үшін күнделікті кигенде арналған аяқ киім бар. Кәсіпорынның өнімдеріне отандық және халықаралық стандарттармен сертификатталған.

Бүгінде «Zhamal-ai LTD» фабрикасы тапсырысты уақытылы орындайтын сенімді кәсіпорын ретінде қалыптасты. Аталған компания республикалық, облыстық және қалалық көрмелерде жеңімпаз атанған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер