«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылорда облысында өңірлік кеңеске сайлау жөніндегі комиссия отырысы өтті

2025 жылғы 08 Қаңтар
- Қызылорда облысы
71 просмотров

Палата алаңында Қызылорда облысының өңірлік сайлау комиссиясы Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер 26 кәсіпкердің өтінімін қарап шықты. Оның ішінде 16 өтінім салалық кеңес мүшелерінен, 1 өтінім ассоциациядан, ал 9 өтінім аудандар мен Байқоңыр қаласынан.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия 26 кандидаттың тізімін және ілеспе құжаттарды одан әрі қарау үшін Ұлттық палатаның сайлау комиссиясына жіберді.

Ендігі кезекте, бекітілген үміткерлер 17-26 қаңтар аралығында үгіт-насихат науқанын жүргізеді.

Бекітілген кестеге сәйкес 2025 жылғы 27-29 қаңтар аралығында Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік Кеңесіне делегаттарды (мүшелерді) сайлау өтеді.

Айта кетейік, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне делегаттыққа үміткерлерден өтініш қабылдау 2024 жылдың 18- 31 желтоқсан аралығында жүргізілді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер