«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірлік кеңеске мүшелерді сайлауды Алматы қаласы ӨКП жанындағы салалық кеңес мүшелері талқылады

2024 жылғы 27 Қараша
- Алматы қаласы
2036 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

26 қарашада Алматыда туризм жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жаңартылған құрамға турбизнестің 16 өкілі кірді. Олар алдағы сайлау найқанын талқылады.

Салалық кеңестер мүшелері өңірлік кеңес мүшелерін сайлайды. Туризм - Алматы бизнесін дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Жыл сайын қалаға екі миллионнан астам турист келеді. Ал биыл тек бірінші жартыжылдықта мегаполисте 1 миллион 900 мыңға жуық қонақ болды. Демек, туризм саласында жұмыс жетерлік. Жергілікті деңгейде шешімін таппаған мәселелер өңірлік кеңесінің құзырына шығарылады. Сондықтан, сайлауға деген зейін өте жоғары.

                              

Отырыс барысында Алматының «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова сайлау бойынша ақпарат берді. Оның жаңартылатын құрамына әр салалық кеңестен екі делегаттан және аккредиттелген қауымдастықтардан бір делегат ұсынылатын болады. Егер салалық кеңестер әрқайсысы өз бағыты бойынша жергілікті деңгейде жұмыс істейтін болса, аймақтық кеңес – заңнаманың өзгеруіне әсер ететін және проблемалық мәселелерді елдің министрліктері мен Үкімет деңгейіне шығаратын орган. Сондықтан оған салалық кеңестер мен аккредиттелген қауымдастықтардың ең белсенді және салаға жаны ашитын мүшелер сайланады.

                               

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер