«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Австриялық компания шымкенттік кәсіпкерлерге арнайы платформасын таныстырды

2024 жылғы 09 Ақпан
- Шымкент қаласы
7352 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Құрылыс және көлік салалық кеңесінің отырысы өтті. Кеңес аясында жергілікті кәсіпкерлер құрылыс секторындағы цифрлық технологияларды ұсынатын австриялық Planradar GmbH компаниясының өкілдерімен жүздесті.

Шетелдік мамандар шымкент қаласының құрылыс компанияларының өкілдеріне PlanRadar платформасын таныстырды, құрылыс секторына арналған соңғы үлгідегі әзірлемелерді ұсынды, құрылыста цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

«Кәсіпкерлер палатасына Австрия Елшілігінің сауда бөлімі байланысып, Planradar GmbH компаниясын ұсынған болатын. Өздеріңіз білетіндей, Палата алдындағы міндеттердің бірі – кәсіпкерлік қауымдастықты шоғырландыру, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға көмектесу. Статистика бойынша Шымкентте 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3757 құрылыс компаниясы жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 3737 шағын, 17 орта және 3 ірі кәсіпорын бар. 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1,1 млн шаршы метрді құрады. Осыған орай, құрылыс компаниялары осы салаға арналған арнайы бағдарламалар мен платформаларға қызығушылық танытады деп ойлаймын», – деді Құрылыс және көлік салалық кеңесінің төрағасы Ойрат Мамыров.

Компания өкілдерінің айтуынша, Planada 2 бағытқа маманданған.

«Біздің бизнеске арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу компаниясы (B2B) 2 бағытқа маманданған. Біріншісі – құрылыс. Атап айтқанда: сапаны бақылау (техникалық және авторлық қадағалау), жұмыстарды электронды түрде есепке алу журналын жүргізу, жобалау/жұмыс құжаттамасын жоспарлау, сақтау, жаңарту, келісу және салыстыру және еңбекті қорғау. Ал екінші бағыт – пайдалану бойынша біз жүйелерге қызмет көрсету бойынша инженерлік қызметтерді үйлестіруді, есептілікті автоматты түрде қалыптастыруды, айлық, тоқсандық және жылдық статистиканы жүргізуді, нысан жоспарларына және GPS координаттарына байланыстыра отырып, тапсырмалардың орындалуын құруды, бөлуді және бақылауды және инспекциялар мен аудиттерді жүргізуді әзірлейміз. Осыған байланысты PlanRadar – интеллектуалды ақпараттық процестердің бірыңғай платформасы», – деді Planradar GmbH компаниясының Орталық Азия өңірі бойынша басқарушысы Андрей Белогорцев.

Мамандардың айтуынша, бұл бағдарлама ғимараттың іргетасын қалау немесе нысанға техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау сияқты құрылыс және жылжымайтын мүлік жобаларын нақты уақыт режимінде жеңілдету үшін жасалған.

Бағдарлама кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырды. Олар сұрақтарын қойылып, компания өкілдерінің толыққанды жауаптарын тыңдады. Кеңес төрағасы, сонымен қатар, құрылыс саласындағы ұқсас цифрлық платформаларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер