«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астаналықтар Маңғыстаудың шұбаты мен Каспийдің балығынан дәм татты

2023 жылғы 08 Қараша
- Маңғыстау облысы
9587 просмотров

Маңғыстау облысының Астана қаласындағы «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі» атты мәдени күндері аясында Маңғыстау кәсіпкерлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті.

Маңғыстау шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда оң нәтижеге қол жеткізуде. Тіпті, Маңғыстау кәсіпкерлерінің өніміне сырттан сұраныс жоғары.

«Мұны «Достық үйінде» өтіп жатқан көрме-жәрмеңкеден байқауға болады. Маңғыстаулық кәсіпкерлер озық тауарларын әкелді. Азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек көрмеге қойылды. Көбісі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан қаржылық емес және грант түрінде көмек алғандар. «Бастауды» оқып, ісін алға дамытқандар да бар»,- дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев.

Биыл Маңғыстаудан елордаға 25-тен аса кәсіпкер келген. Олар түйе сүтінен әзірленген шұбат, балқаймақ, құрт пен ірімшіктерін, балық өнімдерін, ұлттық киімдер мен әшекейлер, ағаш бұйымдарын ала келген.

Айта кетейік, биыл Маңғыстау облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 18,6% - ға өскен. Соның нәтижесінде 153 717 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал өнім шығару көлемі 123,6% - ға артып, 400,3 млрд теңгеге жеткен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер