«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстауда порттардың жұмысын дамыту қажет

2023 жылғы 04 Қазан
- Маңғыстау облысы
10055 просмотров

Маңғыстау облысының Құрық портында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен "KAZLOGISTICS" СТК қолдауымен "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының логистика және тасымалдау комитетінің теміржол және су көлігі жөніндегі Кіші комитеттерінің бірлескен отырысы өтті.

Кеңестің тақырыбы – "Тасымалдауға қатысушылардың үйлестірілген жұмысы. Ақтау-Құрық көлік кешені жұмысының тиімділігін арттырудың кепілі".       

Іс-шараның демеушісі – "Конкурент Б" ЖШС болды.  Ол темір жолдарды жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және теміржол жолдары мен рельс алдындағы инфрақұрылымды ағымдағы күтіп ұстау бойынша қызметтердің толық кешенін жүзеге асырады.

Отырысқа қатысушылар Құрық портының теміржол станциясының, "Саржа" көпфункционалды теңіз терминалының және Құрық портындағы "МК Экспресс" ЖШС-нің жұмысымен және даму жоспарларымен танысты.

Отырыс барысында Ақтау және Құрық портының көлік кешенінің мүмкіндіктері мен қуаттарын тиімді пайдалануды қиындататын немесе кедергі келтіретін құқықтық, қаржылық, техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

"Отырыс барысында теміржол және су көліктеріндегі тасымалдау қызметіндегі ағымдағы проблемалық мәселелер, оларды жүйелеу, қатысушы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қарауына шығарар алдында егжей-тегжейлі талдамалық материалдарды дайындау, сондай-ақ бизнес көтеретін барлық мәселелерді қисынды соңына дейін жеткізу қажеттілігі талқыланды",– дейді "Атамекен" ҰКП Логистика және тасымалдау комитеті төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко.

Отырысқа қатысушылар пікір алмасып, аралас/мультимодальды тасымалдар барысында туындайтын Республика көлігіндегі жалпы салалық проблемаларды талқылау және шешу үшін бірлескен көшпелі отырыстарды өткізудің осындай тәжірибесін енгізуді орынды және нәтижелі деп санады.

Отырыстың хаттамасы қол қойылғаннан кейін ҰКП темір жол және су көлігі жөніндегі Кіші комитеттерінің мүшелеріне, қатысушы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, сондай-ақ ҚазАПО компанияларына жіберілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер