«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Иран бизнесмендері серіктес болуға мүдделі

2023 жылғы 17 Мамыр
- Маңғыстау облысы
4076 просмотров

Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасының бизнесі арасындағы әріптестік қатынастар мен іскерлік байланыстарды жолға қою мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаевтың төрағалығымен Иран бизнес делегациясымен кездесу өтті.

Kir, Sil abzi golestan, Furniture, Ashuradeh dairy Co сынды ирандық компаниялар өз өнімдерін кеңірек таныстырды. Делегация мүшелері аквамәдениет, сүт өнімдері, металл өңдеу, полимерлер, жиһаз, цемент және талшықты парақтар өндірісіндегі кәсіптің қыр-сырын айтты.

«Сапарымыздың мақсаты - екіжақты тәжірибе алмасу мәселелерін және бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігін талқылау. Біз ғимараттарды салуға арналған металл қаңқаларды өндіруші ірі кәсіпорынбыз. Мағыстау облысының кәсіпкерлерімен серіктестік және іскерлік қатынастар орнатуға және екі ел арасында тәжірибе алмасуға дайынбыз», -  дейді ирандық кәсіпкер Сейд Али.

 «Осы кездесулер барысында екіжақты экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері және Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасы кәсіпкерлерінің даму перспективалары талқыланды. Біздің бүгінгі кездесуіміз экономикалық маңызды жобаларды табысты іске асыру үшін бірлескен шешімдердің бастамасы болады деп үміттенеміз. Маңғыстау - еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосатын Қазақстанның белсенді және маңызды өңірлердің бірі. Маңғыстау облысы Иран Ислам Республикасымен, атап айтқанда Мазандаран және Гүлистан провинцияларымен тығыз қарым-қатынаста. Аймақтың Иран Ислам Республикасымен сыртқы сауда айналымы 2023 жылдың 1 тоқсанында 15,8 млн АҚШ доллар. Оның ішінде экспорт 983 мың АҚШ доллар және импорт 14,8 млн АҚШ доллар», -  деп атап өтті Рашит Мұстапаев.

Маңғыстау облысы Иранға дәнді дақылдар мен жарма, темекі бұйымдары, құрылыс материалдары, болат және басқа да тауарларды экспорттайды. Өз кезегінде Ираннан Маңғыстау облысына көкөністер, жемістер, ағаштар, спорттық жабдықтар, жиһаз жеткізіледі.

Шара соңында B2B кездесуі өтті. Онда кәсіпкерлер іскерлік бастамалар бойынша мәселелерді талқылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер