«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстауда ешкі сүтінен ірімшіктің 12 түрін өндіретін шаруа бар

2022 жылғы 24 Тамыз
- Маңғыстау облысы
5223 просмотров

Маңғыстау облысындағы алғашқы ешкі сүт фермасы 2017 жылы ашылды.  «Жеті лақ» деп аталатын шаруа қожалығы өз кәсібін Ақтөбе облысынан ағылшын-нубиялық тұқымды 2 ешкіден басталды. Александра Григолова ешкі шаруашылығымен айналысу өте қызықты әрі қиын дейді. 2019 жылдың аяғында ешкі саны 10-ға жетіп, табиғи сүтке жақсы сұраныс артып, бөлек ферма салу туралы шешім қабылданды.
2020 жылдың қаңтарында ешкі фермасы мен сүт цехының құрылысы басталады. Бірақ наурыз айында коронавирус дерті өршіп, карантинге байланысты құрылыс тоқтап қалады. 
«Отбасының барлық қаржысы фермаға салынғандықтан, біз қарапайым құрылыс жүргізуге жол бере алмадық.  Оқшаулау режимі болғандықтан құрылысты өзіміз жүргіздік. 2020 жылдың жазында құрылыс аяқталып, Ресейден арнайы таңдап альпі ешкілерін әкелдік. Олар біздің ешкі отарының негізгі бөлігін құрайды. Тамыз айының соңына қарай құжаттық ресімдеу аяқталып, барлық қажетті талдаулар мен сынақтар тапсырылды. Сонан соң сүт дүкендерге сатылымға түсті. Кәсібіміз осылайша дөңгелене бастады»,- дейді Александра Григолова. 


Қазір фермада 100-ге жуық сауын ешкі бар. Тағы осы көлемде текелер мен лақтар бағылуда. Мұнда ешкінің үш түрлі тұқымы өсірілуде: ағылшын-нубиялық, альпі және ла-манча. Фермада технологиялық жоспар бекітілген. Оған сәйкес зоотехник маман Сексек ата тұқымын күтіп-баптау әдісімен тыңғылықты айналысып жатыр. Қазіргі уақытта ферма айына 2,5 тоннадан астам ешкі сүтін өндіреді.
Мұнда ешкіні бағып мен азықтандырудың жоғары талабы қолданылады. Сондықтан да ешкілердің сүті ірімшіктер мен ашыған сүт өнімдерін өндіру үшін өте қолайлы. Қазір шаруашылықта әртүрлі сұрыпты 12 түрлі ірімшік, сүт, йогурт, айран, сүзбе дайындалады.
«Сүт өнімдері халыққа сатылатындықтан жауапкершілік жоғары. Барлық рұқсат құжаттары алынған, аккредиттелген мемлекеттік зертханада тестілеуден өтеді. Біздің тапсырыс берушілеріміздің басым бөлігі денсаулығында кінәраты бар жандар. Олардың тамақтануы мен денсаулығына байыппен қараймыз. Ферма- біздің отбасылық ісіміз. Тазалау, сауу және ірімшік жасауға дейінгі барлық жұмыстарды біздің отбасымыздың мүшелері атқарады. Барлығы бес адам орындаймыз»,- дейді кәсіпкер.   


Александра ірімшік өндірумен айналысады. Ол білікті технолог, ірімшік жасаушы, өндірілетін өнімнің жоғары сапасын ойлап табатын маман. Өйткені ірімшіктің кейбір сұрыптары 12 айдан астам уақытта дайын болады екен. Жолдасы Никита Кобзев зоотехник маманы. Ешкілердің өте жақсы жағдайда күтіп-бапталып, дәмді сүттің көп мөлшерде өндірілуі соның тыңғылықты еңбегінің нәтижесі.
«Жеті лақ» фермасы Ақтаудан 20 шақырым қашықтықта Ақшұқыр ауылында орналасқан. Сатып алушыларға қолайлы болуы үшін өндірілген өнімді фермерлік және табиғи өнімдер дүкендеріне жеткізіледі. Қазір 5 дүкенге тауар үздіксіз тасымалдануда. 
Сондай-ақ, әлеуметтік желі парақшасы арқылы да сатылым жасалады. Тапсырыс беруші өзіне қажетті өнімді парақшадан көріп, демалыс күндері жәрмеңкелерден сатып алады. 
Александра Григолова Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесіне мүше. Биыл «Жеті лақ» шаруашылығы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды. Сөйтіп республикалық байқауға Маңғыстау облысының атынан қатысуға мүмкіндік алды. 
Ешкі шаруашылығы өңірде толық көлемде жұмыс істеп тұрған жалғыз ферма. Сүттің қауіпсіздігін растайтын, жеке сүт цехы мен жұмыс біліктілігі бар бірден бір шаруа қожалығы. Әрбір тұтынушының дастарханында дәмді ірімшіктер, балалар мен ересектерге пайдалы сүт өнімдері тұрса деп мақсат тұтады кәсіпкер. Алды өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа өнімдерді енгізу жоспарда бар.
Айта кетейік, шаруашылық базасында болашақ іскерлерге арналған кәсіптік бағдар беру курстары, жасөспірімдерге арналған «Жас фермер» мектебі жұмыс істейді. Осылайша халықты мал шаруашылығы мен ірімшік өндіруге үйретіп келеді. Тағы бір ерекшелік- мектеп оқушылары мен басқа да адамдар шаруашылық аумағына экскурсия жасай алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер