«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңаөзенде ұлттық жоба аясында 13 адам мемлекеттік грантқа ие болды

2022 жылғы 07 Маусым
- Маңғыстау облысы
13721 просмотров

Жаңаөзен қаласында халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті қолдау, бәсекелестікті кешенді дамыту аясында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жүзеге асуда. Аталған жоба аясында 13 адам мемлекеттік грантқа ие болды.

Жаңаөзен қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда ұлттық жоба аясында мемлекеттік гранттарды беру жұмыстары жүріп жатыр. Яғни, былтыр «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында білімін жетілдіріп, сертификатқа ие болған жаңаөзендік 13 адам биыл сәуір айында мемлекеттік грантқа қол жеткізген. 

Бүгінде ұлттық жобаға қатысуға 400-дей адам ниет білдіріп отыр дейді мамандар. Олар құжаттарды https://business.enbek.kz сайты арқылы тапсыра алатынын айтады.

- Еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі күшейту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ұлттық жоба қабылданған болатын. Жобаға 10 негізгі бағыт енгізілген. Соның бірі – кәсіпкерлікті дамыту. Бұл ұлттық жоба жеке кәсіпкерге сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды және кепілдік беруді көздейді. Бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында іске асты. Атап айтсақ, 2021 жылы 182 адам мемлекеттік грантқа ие болды. Оның 167-сі республикалық бюджеттен, 15-і жергілікті бюджеттен қаржыландырылды. Ал, қазіргі кезде «Бастау Бизнес» бағдарламасы уақытша тоқтап тұр. Алдағы уақытта қаражат бөлінген жағдайда жалғасуы мүмкін. Аталмыш жоба аясында 2022 жылы ұлттық жоба аясында 13 адам грант ұтып алды. Жыл соңына дейін 200 адамға беруді жоспарлап отырмыз,- дейді «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Жаңаөзен қалалық филиалының маманы Айғазы Алдамжаров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер