«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер қатынастары саласында бірқатар жүйелі қателіктер мен кемшіліктер бар

2021 жылғы 28 Маусым
- Маңғыстау облысы
5788 просмотров

Бүгін ZOOM-конференция форматында МО ӨКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Жанаев Әмірғали Зинешұлы "Атамекен" ҚР ҰКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңесінің отырысына қатысты. Онда "Жер қатынастары саласындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы" мәселе қаралды.

Кеңесте мынадай мәселелер қозғалды: жер учаскелерін бөлу саласында бос жерлерді бөлудің ашық еместігі, атап айтқанда ЖАО-ның ҚР Жер Кодексінің 43-бабы 14-тармағының талаптарын сақтамауы; шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың мониторингін ұйымдастыру және жүргізу қағидалары космомониторинг бойынша қолданыстағы жүйені енгізу арқылы; "Маңғыстау облысының қала құрылысы және жер бақылау басқармасының" жер учаскелерін алып қою және жер пайдалану құқығына барлық рұқсат құжаттарының күшін жою туралы талап арыздары бойынша (барлығы 72 талап арыз түседі деп күтілуде).

Бейнеу жер телімдері мәселесі бойынша А. Жанаев Өңірлік палата ұйымдастырған 2021 жылғы 08 маусымдағы кеңестен кейін Маңғыстау облысының Жер бақылау басқармасы МАЭС-ке шығыс үшін хат жолдағанын хабарлады. 18.06.2021 ж. № 05-05-1293 17 талап арызды қараусыз қалдыру туралы және осылайша, 2021 жылғы 29 маусымдағы жағдай бойынша 5 талап арыз бойынша апелляциялық шағымдар қаралады деп күтілуде, сотта өзге талаптар жоқ.

"Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қ.Ш. Сүлейменов жүргізілген талдау жер қатынастары саласында орталық мемлекеттік ведомстволарда да, жергілікті атқарушы органдарда да бірқатар жүйелі ұйымдастырушылық жаңсақтықтар мен кемшіліктер бар екенін көрсеткенін, бұл кәсіпкерлік қызметті айтарлықтай шектейтінін және осы салада сыбайлас жемқорлық үшін алғышарттар жасайтынын атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша, жер қатынастары саласындағы әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқарту мақсатында "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі ҚР орталық уәкілетті органдарына тиісті ұсынымдар жолдау қажеттігі туралы шешім қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер