«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бейнеулік 72 кәсіпкерге қатысты мәселе ішінара шешілді

2021 жылғы 30 Маусым
- Маңғыстау облысы
7343 просмотров

Маңғыстау облысының қала құрылысы және жерді бақылау басқармасы Бейнеу ауылы әкімінің шешімдері заңсыз, жер учаскесін жалға беру немесе жекеменшікке сату туралы шартын жарамсыз деп танып, оны бұзу туралы сотқа жүгінген болатын. Салдарынан осы санатқа жатқызылған 72 кәсіпкерде қиындық болған. Оған басынан бастап осы күнге дейін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы араша болып келеді.

ҚР Премьер-министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы өкіміне сәйкес Жер реформасы жөнінде республикалық комиссия құрылды. Оның қорытындысымен Жер кодексіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Соны ескере отырып, заңнан туындайтын актілерді толыққанды қарап, Маңғыстау облысының қала құрылысы және жерді бақылау басқармасы сотқа жолдаған талап-арыздарын кері қайтарды.

Осылайша, кәсіпкерлердің басым бөлігінің мәселесі оң шешілді. Енді іскерлердің бір бөлігінің істері сотта аяқталуға жақын. Бұл іс туралы толыққанды ақпарат қосымша хабарланатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер