«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстауда  көптеген бизнес нысандарға шектеу қойылды

2021 жылғы 07 Шілде
- Маңғыстау облысы
7868 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев вакцинация тақырыбында брифингке қатысты. Онда бірқатар маңызды мәселелер айтылды.

"Кәсіпкерлер вакциналауды түсіністікпен қабылдап отыр. СЭС мамандарымен онлайн жиналыстар өтті. Онда қоғамдық тамақтану, спорт залдары, сауда орталықтарының жетекшілеріне толықтай ақпарат берілді. Оған "Атамекен" ҰКП ат салысып отыр. 100-ден астам нысанның иелеріне түсіндірілді. Ал, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасына келетін болсақ, ұжымдағы қызметкердің бірқатары вакцина алды. Қалғандары анализдер тапсырып, медициналық қарсы талаптар болмаса вакцина салдыруға дайын.",- дейді Рашит Тұранұлы.

" Қызыл аймаққа" ауысқалы Маңғыстауда  көптеген бизнес нысандарға шектеу қойылды. Театр, кино театр, компьютер клубтары, банкет залдары, караоке жұмыстарына, көрмелерге тыйым салынды. Бірақ «Ashyk» қосымшасына тіркелгендер тәртіппен жұмыс істейді. Қазір «Ashyk» қосымшасының 359 қатысушысы бар. Әкімдік сайтында жарияланған. 29 бизнес нысан тесттік режимде жұмыс істеуде. Жоба лидерлерінің саны-20. «Ashyk» қолдамаайтын 24 кәсіпкер бар. Олар қосымшаны жүктеп, бірақ қолданбаған соң, пайдаланушылар трізімінен шығып қалған.

 Қазір Маңғыстау облысында «Ashyk» қосымшасының көмегімен 61 қызыл, 28 сары статуспен науқастар анықталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер