«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

"Кәсіпкердің жауапкершілігі" тақырыбында қонақ дәрісін 90-ға жуық оқушысы тыңдады

2021 жылғы 05 Мамыр
- Маңғыстау облысы
10265 просмотров

Осы айда Ақтау қаласының орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары үшін "кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні енгізілген соңғы қонақ дәрісі IT-лицей мен облыстық дарынды балаларға арналған "Дарын"мектеп-интернатының қатысуымен онлайн форматта өтті. "Кәсіпкердің жауапкершілігі" тақырыбында қонақ дәрісін осы мектептердің 90-ға жуық оқушысы тыңдады.
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған Қонақ дәрістерінің спикерлері өңірдің тәжірибелі кәсіпкерлері болып табылады, олардың арасында кәсіпкер Сәуле Салихова – кәсіпкер, "deSali дизайн аумағы" студиясының директоры, "Маңғыстау облысының интерьер дизайнерлері мен декораторлары" қауымдастығының президенті, Маңғыстау облысының "Атамекен" ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.
Сәуле Халелқызы Палатаның бұл бастамасын бірінші рет қолдап отырған жоқ және өз тарапынан мектеп оқушылары үшін экономикалық, заңдық, әлеуметтік, экологиялық және этикалық болып табылатын кәсіпкерлердің жауапкершілігінің түрлі санаттарының көрнекі мысалдары бар жарқын презентация дайындады.
Оқушылар дәріс тыңдап, бизнесті құрудың бастапқы кезеңіндегі қиындықтар туралы сұрақтар қойды. Спикер өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, бүгінгі таңда бизнесті ашу әлдеқайда оңай екенін айтты, өйткені бизнесті қолдаудың көптеген мемлекеттік бағдарламалары бар және кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлерге қалай көмектесе алатынын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер