«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

МАҢҒЫСТАУДА 144 КӘСІПОРЫН "ASHYQ" ЖОБАСЫНА ҚОСЫЛДЫ

2021 жылғы 29 Сәуір
- Маңғыстау облысы
6412 просмотров

  Маңғыстау облысында 144 кәсіпорын "Аshyq"жобасы бойынша жұмыс істеуде. Оның ішінде 14 нысан ресми түрде жобаға енді, ал 130-ы тесттік режимінде қызмет атқарып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева мәлім етті.

            "Біздің басты міндетіміз кәсіпкерлерді қолдау. Қазіргі уақытта пилоттық жобаға бірнеше кәсіпкерлік субьектілері енгізілді. Оның ішінде 14 кәсіпкерлік нысан тесттік режимнен өтті. Бұл кәсіпкерлердің тізімі облыс әкімдігінің ресми сайтында бар. Сондай-ақ бұл тізім қала, аудан әкімдіктерінің ресми парақшаларына орналастырылды", - деді Жанна Тоқбаева.

            Баспасөз конференциясына Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжан да қатысты. Оның айтуынша, Маңғыстау облысында қазір "Аshyq"қосымшасына қосылу біртіндеп жүріп жатыр.

            Оның айтуынша, жақын күндері облыстың тағы 15 кәсіпкерлік нысаны мобильді қосымшаға қосылады. Жаңа жоба өңірде қоғамдық тамақтану объектілері, боулинг, қонақ үйлер, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, сауналар, СПА-орталықтар, театрлар, фитнес-орталықтар мен турагенттіктер бойынша 10 салада жұмыс істейді.

            ""Аshyq" пилоттық жобасының басты артықшылығы-халықтың қауіпсіздігі. Мәселен, республика бойынша бүгінгі күнге дейін QR-кодты сканерлеу кезінде 867 келушінің "қызыл" статус анықталды. "Қызыл" түс адамның коронавирустық инфекциямен ауыратынын білдіреді. Менің ойымша, осы жобаның көмегімен біз қауіпті аурудың таралуына жол бермейміз. Дегенмен Маңғыстауда мұндай жағдайлар әлі тіркелген жоқ. Біздің кәсіпкерлер бұл бастаманың пайдасын жақсы түсінеді. 5 мамырдан бастап аймақта мейрамханалар мен караокелерде QR-код арқылы келушілерді өткізе бастайды", - деді Аққу Айтжанова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер