«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сатып алуларда жергілікті қамту үлесін арттыру қажет

2021 жылғы 14 Сәуір
- Маңғыстау облысы
5637 просмотров

МО кәсіпкерлер палатасы алаңында Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясы отырысының жиналысы өтті. Отырысқа Маңғыстау облысы әкімінің  орынбасары Бекбол Орынбасаров , Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев , Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы – Б. Жандаев, Инвестиция және туризмды дамыту басқармасы басшысының орынбасары – Т. Абдықадыров қатысты. Жиында  Отандық тауар өндіруші «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС компаниясына қолдау көрсету, бюджеттік жобаларға қатысуын қамтамасыз ету және де 2020 жылдың қорытындысы бойынша жүйе құраушы кәсіпорындардың, оның ішінде «ҚазАзот» АҚ сатып алуындағы жергілікті қамту үлесі мәселесін қарастыру жөнінде сөз қозғалды.
«Ақтау трансформатор бойынша зауыты» бойынша қысқаша ақпарат берілді. «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС Маңғыстау облысының 2015-2019 жылдарға арналған кәсіпкерлерді қолдау Картасы аясында 2017 жылы пайдалануға берілді.
Негізгі қызмет түрі: трансформаторлық жабдықты, толық трансформаторлық қосалқы станцияларды өндіру, монтаждау және жөндеу. Өндірістік қуаты: жылына 1000 дана кешенді трансформаторлық қосалқы станция. 
Бүгінгі күні зауытта 70 адам жұмыс істейді, олардың орташа жалақысы 160000 теңгеге тең. Өнімдер Қазақстан мен Түркіменстанға сатылады. Шикізаттың, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің негізгі көлемі Қазақстанда сатып алынады.
Өндірісті тұрақты жүктеу және жұмыс орындарын сақтау мақсатында зауыт басшылығы Маңғыстау облысының аумағында іске асырылып жатқан және күтілетін жобалар бойынша инвестициялар және туризмді дамыту басқармасына ақпарат сұрады.
Сұраныс нәтижелері бойынша Бейнеу ауданында 7 қажетті трансформаторға 4 жоба, Мұнайлы ауданында 12 трансформаторға 5 жоба және Түпқараған ауданында 31 трансформаторға мұқтаж 6 жоба бар екені анықталды. 
Жиналыс соңында комиссия мүшелері жергілікті қамтуды бақылау жұмысы тақырыбын тағы да қозғайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер