«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

АҚТАУДА САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ ОРЫНДАМАҒАНДАР КАФЕ, МЕЙРАМХАНАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

2021 жылғы 05 Сәуір
- Маңғыстау облысы
5534 просмотров

 Ақтау қаласының әкімдігі мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылау жүргізді. Мониторинг барысында ресто-бар “Versailles” және «Loft Pub» бары сияқты мекемелердің эпидемиологияға қарсы талаптарды бұзғандығы анықталды. Бұл мекемелер сағат 24 00-ден кейін жұмыс істеуін тоқтатпаған. Адамдардың көптеп шоғырланған.

Қала әкімдігі мен полиция қызметкерлері барлық қажетті фотосуреттер мен бейнежазбаларды жинап, акті толтырып, мекеме қызметкерлерінен түсініктеме жазбаларын алды. Әрі қарай, бұл материалдар тиісті шаралар қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына беріледі.

Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу бірнеше рет қайталанған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін уақытша тоқтата тұру шарасы қолданылады.

Ақтау қаласының әкімдігі тұрғындар мен кәсіпкерлерді барлық қажетті санитарлық нормаларды және азаматтар алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сақтауға шақырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер