«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ СӘУЛЕ САЛИХОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

2021 жылғы 03 Сәуір
- Маңғыстау облысы
5776 просмотров

 Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов ҚР Президентi жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесі, МО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихованы қабылдады. "Маңғыстау үшін Сіздің сол комиссияның мүшесі болғаныңыз үлкен мәртебе",— деп құттықтады облыс әкімі.

Сәуле Халелқызы Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 536 Жарлығымен, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына енді. Ол ұлттық комиссия құрамына Маңғыстаудан және ҚР іскер әйелдер кеңесінен енген жалғыз өкіл.

Өңір басшысы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген С.Салихованы құттықтап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Сәуле Халелқызы өз кезегінде әкімге 2015 жылдан бастап бүгінге дейін Іскер әйелдер кеңесінің өңірімізде атқарған жұмыстары жайлы айтты. Сонан соң өз ұсыныстарын жеткізді. Облыста қолөнер шеберлерінің орталығын ашу және облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамына жаңа мүшелерді қабылдау жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

«Маңғыстау – қолынан іс келетін шебер әйелдерге бай өңір. Ұлттық өнерді дәріптеп, аналарымыздың ісін жалғастыру мақсатында қолөнер шеберлерінің орталығын құру қажет-ақ. Орталықта шеберлер жастарды қолөнерге баулып, үйретеді әрі қолдан жасаған дүниелерін өңірге келген туристерге ұсынады»,-деді С.Салихова.

Облыс әкімі өңір мәдениетімен қатар туризмнің дамуына сеп болатын ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер