«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау және инвестиция

2021 жылғы 31 Наурыз
- Маңғыстау облысы
5622 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Р. Мұстапаевтың қатысуымен, кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің төрағасы Ә.Жанаев, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша депатарменті басшысының орынбасары Қ.Б.Мырзағали және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы филиал директоры А.А. Демеуованың, «Бизнесті сфбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу», «Квазимемлекеттік секторлар мен кәсіпкерлік субъектілеріне Комплеанс қызметін енгізу мәселесә туралы» және «Квазимемлекеттік секторлар мен кәсіпкерлік субъектілеріне ISO:37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізу тәртібі туралы» мәселелері талқыланды.

Жиын отырысында, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Р. Мұстапаев, кәсіпкерлер палатасы құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста қызмет етіп келетінің және бірлескен жұмыстардың нәтижесінде кәсіпкерлердің бірқатар проблемалары шешіліп жатырғаны туралы мәлімдеді. Одан әрі, депатарменті басшысының орынбасары Қ. Мырзағали, кәсіпкерлікті дамыту мен қорғау әрқашан ел басшылығы саясатының сөзсіз басымдығы болып табылатынын және және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де осы міндетті шешуге бағдарланғанын атап өтті. Осы мақсатта 2018 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігі, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасын іске асырылып отырғанын баяндады.

Жиының қортытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша депатарменті басшысының орынбасарының және Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы филиал директорының баяндамасы назарға алынып, алдағы уақытта кәсіпкерлерлердің құқығын қорғау бойынша жұмысты одан әрі нығайту ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер