«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАСАЛДЫ

2021 жылғы 30 Наурыз
- Маңғыстау облысы
6970 просмотров

Маңғыстау облысы 2030 жылы жылына 100 мың тонна балық өсіріп шығаруды жоспарлап отыр. Осы мақсатта арнайы бағдарлама да қабылданған. Бұл туралы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Д. Құсбеков айтып берді. Қазіргі таңда өңірде бекіре тұқымдас балық шаруашылығымен айналысатын «Казақ Осетр»  ғылыми өндірістік кәсіпорны» және жылына 50 тонна тауарлы бекіре балықтарын өсіріп, 100 кг көлемде уылдырық өндіретін «Каспиан Ривьера» ЖШС-і қызмет етеді. Бұдан бөлек, бағдарлама аясында тауарлы күмжі (лосось) және тұқы (карп) балық түрлерін өсірумен айналысқысы келетін бірқатар инвесторлар бар. Бүгінгі таңда жер телімін алу үшін жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, сараптамадан өткізілді. Өзге де құзырлы органдардан рұқсат алу жұмыстары жүргізіліп, осы жылы мамыр айында құрылысы басталады деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер