«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жергілікті қамту үлесінің ұлғаюуына жұмыстану қажет

2021 жылғы 26 Наурыз
- Маңғыстау облысы
7913 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында ӨКП директоры Рашит Мұстапаевтың ұйымдастыруымен  Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясының отырысы өтті Оған облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров төрағалық етті. 

2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспары мен жұмыс комиссиясын өткізу кестесі бекітілді.

Жыл басынан бері жұмыс комиссиясының 4 отырысы өткізілді.

Бұдан басқа, 2018 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Маминмен бекітілген Жергілікті қамтуды одан әрі дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі.

Осы жол картасының негізгі іс-шаралары:

- жобалық-сметалық құжаттарға (ЖСҚ) талдау жүргізу

жергілікті қамтудың болжамды үлесін айқындау мақсатында бюджеттік бағдарламалар шеңберінде іске асыру жоспарланған жобалар бойынша;

- Мемлекеттік сатып алудағы (мемлекеттік органдардың сатып алуларындағы) жергілікті қамтудың болжамды үлесін айқындау;

- жергілікті қамтудың анықталған үлесіне сараптама жүргізу және өңірдің жергілікті қамту бойынша нысаналы индикаторларды Министрлікпен келісу;

- аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына келісілген нысаналы индикаторларды енгізу.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер негізінде жергілікті қамтуды дамыту бөлігінде облыстар әкімдерінің рейтингі қалыптастырылатын болады.

Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ДСҰ - ға кіруіне байланысты, Үкімет жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында негізгі назарды, бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобаларға, оның ішінде – тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, спорттық және мәдени нысандар, жолдар, ТКШ объектілері сияқты инфрақұрылымдық жобалардығы отандық тауарларды қолдануына аударып отыр.

Ағымдағы жылдың 1-5 наурызының аралығында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұймдастырумен Манғыстау облысының Мемлекеттік сатып алу саласындағы жергілікті қамту көрсеткіштеріне тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардағы сатып алулардағы жергілікті қамту үлесінің жылдан жылға төмендеп отырғаны анықталды. Атап айтқанда, 2020 жылы мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы 2019 жылмен салыстырғанда, 62,5 млрд.теңгеге (94 млрд. теңгеден 156,5 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды, ал жергілікті қамту үлесі 3,4% - ға, 42,7% - дан 39,3% - ға дейін төмендеді.

"Жергілікті қамтудың маңыздылығын айта отырып, жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясының отырыстарына ерекше назар аудару қажет екенін, сонымен қатар комиссияда қаралатын мекемелерді нақытлап, өңірдің 2021 жылғы мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесінің ұлғаюуына жұмыстану қажет екендігін барлық басқарма басшыларына ескертемін",- деді облыс әкімінің орынбасары Б. Орынбасаров.

Тексеру қорытындысы бойынша анықтама осы жұмыс комиссия хаттамасымен бірге барлық қатысушыларға жолданады.

Бүгінгі комиссия отырысында, маңызды 3 басқарманың жергілікті қамту үлесі бойныша жұмыстары тыңдалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер