«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ ДЕНІ БИЗНЕС НЫСАНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАСАЛАДЫ

2021 жылғы 19 Наурыз
- Маңғыстау облысы
7649 просмотров

Маңғыстаулық полицейлер ұрлық пен қарақшылық қылмыстарының дені бизнес нысандарда жасалатынын алға тартты. Талдау жұмыстары көрсеткендей, 2020 жылы облыста 1 мыңдай дерек тіркелген. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда қылмыс әлдеқайда азайғанымен, бизнеске кесірі тиіп тұр. Сондықтан да қауіпсіздікті күшейту туралы кәсіпкерлерге жеткізу маңызды.

Шамшидин Дәуітов МО ПД Күзетқызметін бақылау бөлімінің аға инспекторы:

  • Бизнес объектілеріне ұрлық немесе қарақшылық шабуылдар негізінен кешкі ақытта, түнде, демалыс және мереке күндері көп болады. Кәсіпкерлік нысандарда ұрлық және қарақшылық қылмыстардың алдын алу бойынша техникалық жағынан нығайтылу, күзетке, сигнализация жұмысына өткізу бойынша үгіт-насихат шараларын бірлесіп талқылау.

Басқосуда шаруа қожалықтарынан мал ұрлану, сауда орындарынан тауарлардың қолды болуы, дүкеншінің тоналуы сынды мәселенің де өзектілігі айтылды. Маңғыстауда 10 мыңға жуық нысан арнайы фирмамен қорғалады. Оның тең жартысы кәсіпкерлік ғимараттары. Бұл аз көрсеткіш. Дабыл тетігін орнату, темір торлар мен бейнебақылау камераларын қондыру аса қажет.

Әмірғали Жанаев МО Кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы:

  • Біздің алға қойған мақсат- дүкендер, жанармай бекеттері, кәсіпкерлік объектілеріне қылмыс жасалмасын деген ой. Сондықтан да бүгінгі дөңгелеу үстелдің нәтижесі бойынша жиналған материалдарды кәсіпкерлерге қорғаныс әрекетін қалай жүргізілетінін талқыладық.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер