«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

"АТАМЕКЕН"— КЕЛІССӨЗДЕР АЛАҢЫ

2021 жылғы 19 Наурыз
- Маңғыстау облысы
7220 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының Бейнеу аудандық филиалына шаруа қожалығының өкілдері келіп жүгінді. Мәселе—құдық дауы. Қожалық басшысы М.И. құдықты жерімен бірге сатып алдымға салып менің жеке меншігім, су жетпейді деген сылтаумен өзге қожалық өкілдерін құдыққа жақындатпайды деп шағымданды 3 шаруашылық басшысы.
Осыған байланысты палата алаңында дөңгелек үстел өткізіліп, кәсіпкерлерге жер бөлудегі негізгі заңдылықтар түсіндіріліп, ымыраға келді. Сонымен қатар шаруаларға Маңғыстаудағы су тапшылығын ескеріп, болашақта мемлекеттің 50 пайыздық инвест субсидиясын пайдаланып, әркім өз жерінен қосымша құдық қаздырып алуға кеңес берілді.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер