«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

НЕГІЗГІ МАҚСАТ-КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

2021 жылғы 17 Наурыз
- Маңғыстау облысы
5461 просмотров

Бүгін Маңғыстау облысының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды. 
1. Ақтау қалалық прокуратурасының кәсіпкерлікті дамытудағы және олардың мүдделерін қорғаудағы атқарған жұмыстары туралы;  
 2. Ж.Нурмагамбетованың Мұнайлы ауданында орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде орын алған кедергілер жөнінде.
Жиын отырысында, Кеңес төрағасы Ә. Жанаев ағымдағы жылдың 11 наурызында Бас прокуратура мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2021 жылға арналған ынтымақтастықты іске асыру бойынша Жол картасына қол қойылғанын хабарлады. Одан әрі, Ақтау қаласы прокурорының орынбасары Д. Челпеков 2020-2021 жылдар аралығында қалалық прокуратурамен, кәсіпкерлікті дамытудағы және олардың мүдделерін қорғаудағы атқарған жұмыстары туралы баяндады. Жиынның қорытындысы бойынша, Ақтау қаласы прокурор орынбасарының баяндамасы назарға алынып, алдағы  уақытта Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы Ақтау қаласының прокуратурасымен бірлесіп, БАҚ арқылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмысы туралы тікелей эфир өткізу ұсынылды.
Күн тәртібіне сәйкес, Кеңес отырысында екінші мәселе жеке кәсіпкер Ж. Нурмагамбетованың арызы қаралды. Атап айтқанда, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына Ж.Нурмагамбетованың Мұнайлы ауданындағы жалпы ауданы 0,0463 га нысаналы мақсаты өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алған жер учаскесінің нысаналы мақсатын балабақшаға өзгертуге ықпал ету туралы арызданған болатын.
29.05.2018 жылы Ж.Нурмагамбетова, сатып алу – сату шарты негізінде, аталған жер учаскесін, тұрғын үй ғимаратымен бірге сатып алған. 
Одан әрі, қосымша құрылыстарын жүргізіп, 29.07.2019 жылы техникалық паспортын жасақтатып, 23.12.2019 жылы меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісін алып, құжаттарын толық рәсімдеп, әділет органдарында тіркеген. Ескеретін мәселе, техникалық паспорт деректері бойынша аталған ғимарат жеке тұрғын үй ретінде тіркелген.
Дегенмен, Нұрмағамбетованың аталған жер учаскесінің нысаналы мақсатын балабақшаға өзгертіп беру туралы өтініші, Мұнайлы аудандық жер комиссиясының 26 қыркүйек 2019 жылғы отырысында қаралып, Бас жоспарға сәйкес келмейді деген негізбен бас тартылып, №20 хаттамамен рәсімделген.
Кәсіпкер, жер комиссиясының шешімін негізсіз деп есептеп, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасынан сотқа дейінгі бітімгершілік арқылы шешуге ықпал етуді сұрады. Жиынның қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына Ж.Нұрмагамбетованың мәселесі бойынша, жақын арада Мұнайлы ауданы прокуратурасымен  бірлесіп жұмыс кездесуін өткізу туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер