«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН АРУ

2021 жылғы 16 Наурыз
- Маңғыстау облысы
7820 просмотров

Маңғыстаулық дизайнер, тігінші Әлия Тұман Іскер әйелдер кеңесіне мүше. Ол ұлттық өнерді ұлықтауымен ерекшеленеді. Заманауи үлгідегі киімдерге қазақи нақыштағы стилді үйлестіріп ерекше тартымды киім-кешек шығарып отыр. Ұлттық дәстүрдің қаймағы бұзылмаған өңірде оның тауарына сұраныс жоғары.

Әлия Тұман кәсібін 2015 жылы бастады. Содан бері сұраныс артты, сән үлгілері әр мусымда жаңартылады. Оның өзгелерден артықшылығы- ежелгі ұлттық өнерді заманауи үлгімен үйлестіруінде.Оған ою-өрнектер, моншақтар мен асыл тастар, тіпті мата қиындыларын да пайдаланады. Қазақы отбасында тәрбиеленген аруға ұлттық өнер қанмен берілген.

"Бұл бизнеске, сән әлеміне патриоттық тұрғыдан келдім. Стамбулда фабрика, бизнестерін көріп, неге солай жасамасқа? Қазақ қыздарын неге өзім киіндірмеске деп ойладым. Еліме деген сүйіспеншіліктен келген идея",- дейді дизайнер Әлия.

Ай сайын 400-500 түрлі киім тігіп еліміздің барлық өңірлеріне жіберіп отыр. 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтып келеді. Шеберхана, сән үйі мен дүкенді өз күш-жігерімен ашты. Маталар мен шикізатты жақын шетел мен Стамбул, Дубайдан алдырады. Матасы мен үлгісі ерекше киімге қызығып, тұрақты тапсырыс берушілер көп.

Тұтынушы Жәмила Ерпанова: 

- Бешпент, кәжекей, кез-келген көйлекті тіктіремін. Этно стилді қазіргімен ұштастыра біледі. Сонысымен ұнайды.Кез-келген мерке, той-томалаққа жарасымды киімді осыннан табамсын. Талғамы ерекше.

 Өнерлі қыз жылдағы дәстүрмен наурыз мерекесі қарсаңында 84 жастағы әжесін құттықтап келді. Құр қол келген жоқ, өзінің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы киімдерін тарту етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер