«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БИЫЛ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ 7 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

2021 жылғы 16 Наурыз
- Маңғыстау облысы
6818 просмотров

Бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында Маңғыстау облысында өңдеу өнеркәсібінің дамуы айтылды.Облыста өнім шығарудың көлемі артқан.

Оған кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде іске қосылған жаңа жобаларды жүзеге асыру, жұмыс істеп тұрған ірі кәсіпорындарының өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа өнім түрлерін игеру есебінен қол жеткізілді. 2021 жылғы қаңтар-ақпанда саланың нақты көлемі 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,3%-ға өскен.

Сондай-ақ, биыл өңдеу өнеркәсібі саласында 183 млрд. теңге көлемінде өнім шығарып, нақты көлем индексін – 103,5% жеткізу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін 2021 жылға арналған облыс экономикасының негізгі секторларын дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді.

Атап айтсақ, 2025 жылға дейін 19 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. 282,4 млрд. теңгені құрайтын жобалардың арқасында 1400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде биыл 21,1 млрд. теңгенің 7 жобасы іске қосылып, 240-тан астам жаңа жұмыс орыны құрылады.

1) «Aktau Petroleum» ЖШС мұнай-химия кешені

2) «ҚазАзот» АҚ аммиак селитрасын бейтараптандыру және буландыру бөлімшесі

3) «Ақтау-Агро» ЖШС құс фабрикасы

4) Мұнайлы ауданында «Жамалбек» ЖШС құрама жем зауыты

5) «WestEcoPlast» ЖШС БИГ бэгтердің жұмсақ қаптама ыдысын өндіру зауыты

6) «Достық полимер Плюс» ЖШС полимерлік қаптама өндірісі бойынша зауыт

7) «KazEcoBuild» ЖШС термопанель өндіру цехы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер