«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Пандус орнату мәселесі бойынша кәсіпкерлердің ұжымдық өтініші қаралды

2021 жылғы 09 Наурыз
- Маңғыстау облысы
2598 просмотров

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына пандус орнату мәселесі бойынша кәсіпкерлердің ұжымдық өтініші келіп түсті.

Аталған мәселені жан-жақты қарап, бір шешімге келу үшін Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында жұмыс кездесуі өтіп, талқыланды.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Н.Калишеваның төрағалымен өткен басқосуға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша депаратаментінің, қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Арбаға таңылған жандардың айтуынша, кейбір ғимараттарға кіру қиынның қиыны. Оларға арнап пандус салынбағандықтан өзгелерден көмек сұрап, жанына тағы адам алып жүруге мәжбүр. Заңға сәйкес ірі орталықтар мен мекемелерде мүгедектердің келіп-кетуіне жағдай жасалуы міндетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер