«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

200 АЕК КӨЛЕМІНДЕ ГРАНТ БӨЛУ ЖАЛҒАСАДЫ

2021 жылғы 03 Наурыз
- Маңғыстау облысы
5652 просмотров

Жаңаөзен қаласында "Еңбек" бағдарламасы бойынша жұмыссыздарға берілетін 200 АЕК  көлеміндегі гранттарды 2021 жыл да беру шарасы жалғасын табуда. Осы мақсатта бірінші комиссия отырысы өтіп жатыр. Шаһар бойынша 2021 жылы 167 грант кәсіп бастау үшін арнайы конкурспен беріледі. Басты талап— "Бастау бизнес"  оқу курсын аяқтап, арнайы сертификат немесе бағдарламаның 1-ші бағыты шеңберінде мамандық бойынша қысқа мерзімді курсынан өткен сертификатының болуы. Өтініш берген сәтте  азамат жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұруы шарт. Бұл конкурсқа 34 үміткер қатысты. Нәтижесі қатысушыларға хабарланатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер