«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Биыл өңірлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және қолдау бойынша 17 ресурстық орталық ашылады.

2021 жылғы 04 Наурыз
- Маңғыстау облысы
6176 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласында өткен жиында Іскер әйелдер кеңесінің барлық төрайымдары бұл жаңалықты зор ықыласпен қабылдады. Оның қатарында Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова да бар. Іскер әйелдер кеңесінің осындай идеясы бірнеше рет айтылды, өйткені шағын гранттармен қалада да, ауылда да бизнесті көтеру мүмкін емес. Егер мемлекет әйелдер үшін ондаған мың грантқа қандай қаражат жұмсайтынын ел бойынша есептесе және жұмсалған грант сомаларының экономикалық әсерін бірден есептесе риза болмасы анық. Елімізде әр түрлі қолдауға көп қаражат жұмсалады, бірақ оның пайдасы талданбайды немесе нашар зерделенеді.

Сондықтан да басқосуда жасалған ресурстық орталықтарды құру туралы үшжақты Меморандум әр теңгені тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, өйткені бизнесті оқытудан бастап іске асыруға дейінгі кешенді тәсіл қамтамасыз етіледі.

Шарада Гаухар Бөрібаева ("ДАМУ" АҚ) және Ләззат Ибрагимова ("Отбасы Банк"АҚ) таныстырылым жасады. Олардың әрқайсысы өз талдауы негізінде өздеріне жүгінетін әйелдердің бейнесін құрады. "Даму" қорының Басқарма төрайымы Қазақстан кәсіпкерлерінің 4 табысты жобасы ретінде @dariya_wear бренді мен Маңғыстау облысы іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Әсел Жәкенованың үлгі екенін атап өтті.

Отырыс аяқталғаннан кейін іскер әйелдер кеңесі бойынша әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісті, олардың көпшілігі барлық өңірлерде ұқсас болып шыққан проблемалар туралы айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер