«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жәрмеңке кәсіпкерлері наразы

2021 жылғы 22 Ақпан
- Маңғыстау облысы
3947 просмотров

Мұнайлы ауданындағы базарлар мен жәрмеңкелер проблемасы жөнінде МО кәсіпкерлер палатасы директоры Рашит Мұстапаев пен аудан әкімі Рахат Елтизаров

қатысуымен басқосу өтті. Мұнайлы ауданында төтенше жағдайға дейін 7 жәрмеңке жұмыс істеді. Қызылтөбе ауылдық округінде «Алтын орда» ,Қызылтөбе -2 ауылдық округінде ,Маңғыстау ауылында «Салтанат» , «Жібек жолы» сауда үйлері, Дәулет, Баянды, Батыр ауылдарында жәрмеңке ашылған. Сонымен қатар, Атамекен ауылдық округінде базар, Маңғыстау ауылында «АС-ДА» базары болды. Маңғыстау ауылында «Орталық базар» ашылған еді.

2020 жылдың 16 наурызында елімізде коронавирус індетіне байланысты Төтенше жағдайын енгізілгеннен соң, барлық жәрмеңкелер мен базарлар жұмысын тоқтату бойынша қаулы шығады. COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында барлық базарлар мен жәрмеңкелер жұмысы уақытша тоқтатылады. Алайда кәсіпкерлер наразылық тудырып, әкімшіліктің шешімімен тұрғындардың денсаулығын қорғау және де қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында сауда тек санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай деп танылған Мұнайлы аудандық Кәсіпкерлер палатасының сенімгерлік басқаруға алып отырған орталық базарда ұйымдастырылды. Азық-түлік өнімдерін сауда-саттықта жүзеге асыру үшін тиісті қойылатын талаптарға сай бірден- бір орталық базары болды. Осыған байланысты, орталық базар санитарлық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, ағымдағы жылдың 29 наурыздан бері жұмысын бастайды.

Карантин режимі мен шектеу шаралары 11 мамырдан 25 мамырға дейін ұзартылып, бірқатар объектілерге ашылуына рұқсат берілді. Осыған байланысты, «Салтанат» базарына, «Жібек жолы» сауда үйіне, «Алтын Орда», Қызылтөбе-2 , Дәулеттегі базарға ашылып, жұмыстарын бастауға рұқсат берілді. Бірақ бұрын аталған жәрмеңкелерде жұмыс жасаған саудагерлер Орталық базарға жайғасқан соң, жәрмеңкелерге шықпай, аталған базарда саудасын жалғастыруда. Осы орайда жәрмеңке иелері бұрынғы клиенттердің қайта келуіне көмектесуді сұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер