«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

КӘСІПКЕР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

2021 жылғы 24 Ақпан
- Маңғыстау облысы
4378 просмотров

Бүгін Өңірлік кәсіпкерлер палатасында МО кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында жеке кәсіпкер Марат Бөлекбаевтың шағымы қаралды. Ол Түпқараған ауданы, Таушық ауылы, «Таушық-8» кен орнынан ұлу тас өндіру үшін жер учаскесін рәсімдеу кезінде Түпқараған ауданы әкімдігінің тарапынан кедергілер орын алғандығын мәлімдеп, кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Арызды және оған қосымша құжаттары қарау кезінде анықталғандай, жеке кәсіпкер Бөлекбаев 2015 жылы облыс әкімдігіне Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан карьер ашу туралы өтініш беріп, ол 2015 жылдың 12 қаңтарында облыста кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурс қорытындысының хаттамасына сәйкес, жеңімпаз болып танылған.

Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы іскердің өтінішін Ақтөбе қаласындағы «БатысҚазЖерҚойнауы» Батыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану департаментіне жолдап, тиісті келісімін алған.

Одан әрі, жер қойнауын пайдалану жобасын дайындатып, Таушық ауылында қоғамдық тыңдау өткізіп , лицензия алу үшін облыстық жер қатынастары басқармасына өтініш берген.

Құжаттары толық болған соң, заң талаптарына сәйкес бес жұмыс күн ішінде, яғни 18 мамыр 2020 жылы жеке кәсіпкер Бөлекбаевтың атына Түпқараған ауданы, «Таушық-8» кен орнының құрылыс тас өндіруді жүргізуге арналған лицензия берілген.

Осыған байланысты, жер учаскесін рәсімдеу туралы облыс әкімдігіне өтініш беріп, ол 15 шілде 2020 жылы облыстық комиссиясының күн тәртінде қаралып, өтініші қанағаттандырылып, рәсімделген.

Осының негізінде, жерге орналастыру жобасын жасақтатып, Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының бұйрығымен бекітіліп, Таушық ауылы әкімінің шешімі негізінде Бөлекбаевқа Түпқараған ауданы, Таушық ауылы, «Таушық-8» кен орнынан ұлу тас өндіру үшін 12 гектар жер теліміне 2029 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беруге келісім жасалады.

Одан әрі, кәсіпкер Түпқараған ауданы әкімнің келісімін алу үшін электрондық өтініш беріп , одан жауап берілмеген соң Түпқараған ауданының прокуратурасына жүгінген.

Түпқараған аудандық прокуратурасының хатымен Бөлекбаевтың арызы Түпқараған ауданының әкіміне жолданған.

Алайда, бүгінгі күні Бөлекбаевтың электрондық портал арқылы жолдаған өтінішіне жауап берілген жоқ.

Айта кету керек, осы мәселені жан-жақты қарау үшін 4 ақпанында Кеңес төрағасы мен Түпқараған ауданы әкімдігімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілген болатын. Отырыстың қорытындысы бойынша, Түпқараған аудандық әкімдігі мен Таушық ауылының әкіміне ағымдағы жылдың 19 ақпан мерзіміне дейін жеке кәсіпкер М.Бөлекбаевқа карьер ашу үшін жер учаскесін рәсімдеуге келісім беруге Палатадан ұсыныс енгізілген болатын. Бірақ мәселе әлі оң шешілмеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер