«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстау жол құрылысы бойынша көш басында

2020 жылғы 29 Мамыр
- Маңғыстау облысы
3234 просмотров

Өңірдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 1 049 шақырым – республикалық маңызы бар, 1 028,7 – облыстық және 900 шақырым – аудандық маңызы бар жолдар.

 2019 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль көлігімен тасымалданған барлық жүк айналымы 100%-ға өсіп, 8,5 млрд тоннаны құраған. Мұндай өсімге өңірдегі Инфрақұрылым сапасының жақсаруы ықпал етті.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 158 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жолдардың қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

– Бұл Бейнеу – Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы трассасының 85 шақырымы және Жетібай-Жаңаөзен жолының 73 шақырымы. Сондай – ақ, Жыңғылды – Шайыр – Шерқала жолында 126 шақырымға жуық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Атажолы» жолында екінші кезең жұмыстары жүргізілуде», - деді Серікбай Трұмов.

2019 жылы жалпы ұзындығы 150 шақырымды құрайтын, құны 9,95 млрд теңге болатын төрт маңызды бағыт бойынша жұмыстар аяқталды. Ең қымбат жобалардың бірі құны 8,2 млрд теңгені құрайтын -Құрықтан Құрық портына дейінгі ұзындығы 22 шақырым жол. Қалған үш жоба бойынша орташа жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Сондай-ақ, биыл ұзындығы 275,4 шақырым болатын 8 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, 60 шақырымдық 6 жоба бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Сонымен қатар, Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін аудандық маңызы бар жолдардың сапасын жақсартуға көңіл бөлінеді, Яғни 24,3 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді, 7,5 шақырымға жаңа жол салынды. Биылғы жылы құны 4 млрд. теңге болатын 44,4 км жол құрылысы және 52,2 км жолды орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер