«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық тағамдар дәрігерлерге қуат

2020 жылғы 24 Сәуір
- Маңғыстау облысы
4545 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өңірде күн-түн демей, коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге азық-түлік жеткізілді. Олардың дені ұлттық тағамдар. Қазы, бауырсақ, балқаймақ, ірімшік, құрт, брынза, қымыз, шұбат ақ желеңді жандардың иммунитетін күшейтіп, құнарлы да табиғи ас болады

Маңғыстаулық кәсіпкерлердің қолдарынан шыққан өнімдер осылайша шын ықыласпен табыс етілуде.

«Отбасынан алыс, халықтың денсаулығы үшін тынымсыз еңбек етіп жатқан дәрігерлерге осылай алғысымызды білдіріп жатырмыз. Жергілікті кәсіпкерлер еккен көкөністер мен қолдан дайындалған табиғи ұлттық тағамдар әкелдік. Үйдің тамағын сағынып, бала-шағасына жете алмай отырған медицина қызметкерлеріне күш-қуат, нәр болсын деген ниетте атқарылған шаруа»,- дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы КҚКО бөлім басшысы Ерғали Әнесов. 

Күтпеген жерден келген сый сияпатқа ақ халатты абзал жандар риза болды. Көптеген жерлестеріміз біз үшін алаңдап, біздің денсаулығымызды да уайымдап жатыр. Осындай азық-түлікке дейін көптеп жеткізуде Алғысымыз шексіз,- дейді дәрігерлер.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен осыған дейін блок посттарға да азық-түліктер жеткізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер