«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстауда 25 мыңға жуық кәсіпорынды әйелдер басқарады

2020 жылғы 05 Наурыз
- Маңғыстау облысы
3948 просмотров

Бүгінде қоғамда іскер әйелдердің бейнесі нығайып, ер азаматтармен иық тірестіріп бизнес жүргізу қиындықтарын жеңіп келеді

Бұған біздің елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар ықпал етуде:

- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 240 жұмыс орнымен 1 500,7 млн. теңге сомасына 53 жоба жүзеге асты.

- Қарапайым заттар экономикасын дамыту бағдарламасы 1 526,0 млн. теңге сомасына 15 жоба мақұлданып, 187 жұмыс орны ашылды

- Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы 283 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 1 082,7 млн. теңгеге 211 шағын несие берілді,

- «Нұр Капитал» 92 млн.теңге сомасына 283 жұмыс орнын құрумен 49 жобаға несие берілді.

Кәсіпкерлікпен белсенді айналысатын әйелдердің саны республика бойынша да, біздің өңірде де өсуде.

Мәселен, облыста экономиканың түрлі салаларында 55 мыңға жуық кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істейді, оның ішінде 25 мыңға жуығын әйелдер басқарады.

Әр түрлі салаларда 146 мың әйел жұмыс істейді-бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48%.

Маңғыстау әйелдері экономикада айтарлықтай жоғары белсенділік танытуда. Мәселен, статистика бойынша биылғы жылы әйелдер арасындағы экономикалық белсенділік деңгейі 69,5%-ды құрайды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың құрылымында гендерлік тепе-теңдік байқалады. Бұл ретте жалдамалы қызметкерлер құрылымында соңғы жылдары жұмыспен қамтылған әйелдер саны іс жүзінде теңестіріледі. Жалдамалы қызметкерлердің жалпы санынан бүгінгі таңда 47,8%-ы әйелдерге, тиісінше 52,2%-ы ерлерге келеді.

«Егер жалпы аймақтағы кәсіпкерліктің дамуы туралы айтатын болсақ, негізгі мақсатты индикатор ретінде бір ғана санды келтіремін. Бұл жалпы өңірлік өнім көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесі. Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы көрсеткіш 22,9%-ға дейін өсті. Әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі табысты дамыту үшін жинақталған тәжірибені ескере отырып, біз үкіметтік емес саламен тығыз ынтымақтасамыз. Бизнесті дамыту бағдарламаларында «Көшбасшылық сабақтары», «Жетістік тарихы» бағдарламасына кіретін әйелдер бизнесін жүргізу бойынша ақпараттық және оқыту семинарларын, яғни өңірдің танымал кәсіпкер әйелдерінің қатысуымен интерактивті сабақтар өткізуге баса назар аударылды», – деп атап өтті Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер