«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Күзет қызметінің мәселесі оң шешілді

2020 жылғы 21 Ақпан
- Маңғыстау облысы
4807 просмотров

Серіктестік сатып алу бойынша Мұнайлы аудандағы №10 «Ақбота» балабақшасы арасында жасақталған келісім шартқа сәйкес, атқарылған жұмыстары үшін 545 мың теңгені төлемей отырғанын мәлімдейді.

Нақты айтар болсақ, «Аванпост Секьюрити «Күзет агенттігі» ЖШС №10 «Ақбота» балабақшасы арасында 01.04.2019 жылы тапсырыс берушінің объектісін қорғау туралы мемлекеттік сатып алу шарты жасақталған. Шарттың жалпы сомасы 1 545 000 теңгені құрайды және қолданылу мерзімі 31.12.2019 жылға дейін.

Бүгінгі таңда, орындаушы шарт бойынша өзінің барлық міндеттемелерін толық көлемде атқарған, алайда 2019 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін тапсырыс беруші орындалған жұмыстар үшін 545 мың теңге көлемінде қаражатты төлемей отыр.

Осының салдарынан «Аванпост Секьюрити «Күзет агенттігі» ЖШС бюджетке салық төлеу, қызметкерлеріне жалақы және басқа да қаржылық міндеттерді орындауда қиындыққа кез болды.

Егер де кәсіпкер аталған мәселе бойынша нотариусқа жүгініп, атқару парағын алып, оны сот орындаушыларға берген жағдайда, балабақшаның есеп шоты бұғатталып, қаражат аудару операцияларының толық тоқтауына әкеледі. Оның артында қызметкерлердің ай сайынғы жалақысы және басқа да маңызды төлемдер жасалмай қалатыны белгілі.

«Аталған проблеманы сотқа дейін реттеу мақсатында, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы барлық мүдделі тұлғалармен жұмыс кездесуін ұйымдастырып, отырыстың қорытындысы бойынша балабақшаның өкілдері тапсырыс берушінің алдындағы берешекті 2020 жылдың 21 ақпанына дейін төлейтінін мәлімдеп, уәде берді»,- дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің 1- санатты сарапшысы Асылбек Жарылғасов.

17.02.2020 жылы Дәулет ауылындағы "Ақбота" балабақшасы «Аванпост Секьюрити «Күзет агенттігі» ЖШС-мен атқарылған жұмыстары үшін 545 мың теңге көлемінде қаражатын аударған.   

Осылайша, Кәсіпкерлер палатасының араласуымен мәселе оң шешілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер