«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жас кәсіпкер» жастарға жол ашты

2020 жылғы 20 Ақпан
- Маңғыстау облысы
4232 просмотров

Маңғыстау облысында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 700 адам оқыды. Қазіргі таңда 200 жас өз кәсібін ашып үлгерді. Атап айтсақ, Түпқараған ауданы мен Ақтау қаласында 103 адам оқып,  соның ішінде 49 жоба жүзеге асты. Бұл ҚР «Атамекен» ҰКП-ның тікелей мұрындық болуымен сәтті жүзеге асқан жоба

Жас кәсіпкер Асылгүл Мадыева өзінің үй жағдайында жасалынған жартылай дайын тағамдар кәсібін қолға алды. Асылгүлдің айтуынша, айына шамамен 100-150 кг өнім шығарылады. Әзірге өнімді  туыстары, достары, көршілері пайдаланып отыр. Шағын азық-түлік  дүкенімен келісім шартқа отырып, өніммен қамтамасыз етіп келеді.

  Ал,  Ақтау қаласының жас кәсіпкері Бағдат Әмірханов терезеге арналған қауіпсіздік торын шығаратын кәсіппен айналысып отыр.

«Алматы қаласынан оқып келіп, осындай тор жасауды қолға алдым. Ақтау қаласында алғашқы кәсіпорын десе де болады. Кәсіпті ашуға 2 млн теңге шамасында қаражат жұмсалды. Қауіпсіздік жағынан айтатын болсақ ,   балалардың терезеден құлап кетпеуіне, ұрлықтың алдын-алуға    жаңа технологиямен жасалған құрал. Тор  монолитті поликарбонат  материалынан жасалынады. Бұл торларды есіктерге, балкондарға қоюға болады. Бір ерекшелігі, өрт қауіпсіздігіне төзімді қылып шығарылған. Материалдарды арнайы  Алматы қаласынан алдырып,   3 адамды жұмыспен қамтып отырмыз», – дейді  кәсіпкер.

 Дилара Сансызбаева қазан айынан бастап Ақтау қаласының 31б шағын ауданынан  шетел тілін оқытатын орталығын ашты. Орталықта 4 жастан ересек балаларға дейін білім  алады.  «Қазіргі таңда 10 балаға білім берілуде. Оқыту барысында балалар оқу, жазу, еркін сөйлеуді, топпен  оқытушымен әңгімелесу, мәтіндер жазуды үйренеді. Сабақтар аптасына 3 рет 60 минуттан өткізіледі. Әр топта жас ерекшеліктеріне байланысты 6-7 оқушы болады.Оқу барысы бірнеше түрде өткізіледі. Бұл орталықты ашуға Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының көмегімен қайтарымсыз қаражат 505 мың теңгеге қол жеткізіп, бизнеске тиімді жұмсалған. Орталыққа қажетті құрал-жабдықтарды Алматы қаласынан тапсырыспен алдырдым», – деп атапөтті Дилара Сансызбаева.

 Өткен «Жастар жылы»  көптеген іскер «Жас кәсіпкер» бағдарламасының  шарапатын көріп,  өз кәсібін ашуға мемлекет тарапынан мол мүмкіндік алды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер