«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарақия ауданы кәсіпкерлері есептік кездесуге құлшына қатысты

2020 жылғы 01 Ақпан
- Маңғыстау облысы
4830 просмотров

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаевтың есептік кездесуі өте ширақ өтті

Зал толған кәсіпкерлер өздерін толғандырған сауалдарын қарша боратты.  Ауыл кәсіпкерлері өз өнімдерін нарыққа шығаруда, тұтынушыға делдасыз жеткізуге біршама қиналып жүргендерін айтты. Енді бірі табиғи өнімдерін жұмыртқа, сүт өнімдерін өздерінің сауда нүктелерінде сатуға мүдделі. Соны қалаған жерлерінен рәсімдеуді сұрады. Бизнесті кеңейтуге несие рәсімдеу де өзекті мәселеге айналып отыр. Ірі несиеге талап етілетін кепіл зат көпшілігіне қолбайлау болуда.

Ал, орталықтан қашық орналасқан, ғаламтор желісі іске қосылмаған шаруа қожалықтарына кассалық аппаратты қолдану қиын екені де сөз болды. Сонан соң шаруалардың басым көпшілігін ауылшаруашылығына субсидия алу мәселелері толғандыратын болып шықты. Осындай өзекті мәселе көтерген кәсіпкерлерге Нұрбек Қарасайұлы заң шеңберінде жергілікті әкімдікпен үш жақты бірлесе шешуге мұрындық болатынын айтты. Сонан соң 2019 жылы аудан және облыс бойынша бизнесті дамыту бағытында жасалған жұмыстарды саралады.

 

«Кәсіпкерлік білім алу үшін Қарақия ауданындағы 200 жұмыссыз адам «Бастау» және «Жас кәсіпкер» бағдарламаларымен оқытылды. Соның 55-і 505 мың тг қайтарымсыз қаражат алып, жеке кәсібін ашып үлгерген. Ал, аудандағы 50 жоба бойынша төмен пайызбен 192 млн тг көлемінде несие алынған. Қарақиялық 125 шаруаға мал шаруашылығы үшін 245 млн тг субсидия мақұлданды»,- дейді ӨКП директоры Нұрбек Қарасаев.


2019 жылы Қарақияда кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын шешіп, жұмыстарын жеңілдету бағытында бірқатар шаралар қолға алынды. МО кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында 493 кәсіпкерге 1100 қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде 108 бухгалтерлік қызмет, 32 тұрғынға бизнес жоспар жасалқалған, 11 кәсіпкердің жер мәселесі бойынша арызы оң шешімін тапты.

Басқосуға белсенді қатысқан кәсіпкерлер шарадан соң Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен жеке кездесіп, толғақты сауалдарының жауабын толыққанды түсінуге мүмкіндік алды.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер