«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстаулық кәсіпкерлер 5 бірдей жүлдені жеңіп алды

2019 жылғы 13 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
4321 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласында «ЭКСПО» конгресс-орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаз-лауреаттарын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанттарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара ҚР Президенті Қ.Тоқаев және еліміздің басқа да жоғары лауазымды тұлғаларының қатысты

«Алтын сапа» байқауының «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша жүлдесін «Caspian Enginiring & Research» ЖШС жеңді.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауының «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымының жеңімпазы- «Шыны талшықты құбырлар зауыты» ЖШС.

«Алтын оймақ» байқауының «Ұлттық нақыштағы аксесуарлардың үздік дизайны» жүлдесі- Жаңаөзендік «ҚАЗАҚ» брендіне бұйырды.

«Парыз» жүлдесінің «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша жеңімпаз- «KAZ M-1» ЖШС.

«Парыз» жүлдесінің «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС жеңіп алды.

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иемдену үшін байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс туралы» Жарлығымен жеке өндірісті дамыту және тауарлар мен қызметтердің сапасын үздіксіз жақсарту мақсатында құрылды.

Байқау төрт аталым бойынша өткізілді: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»; «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын»; «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»; «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».

Әр аталымда шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері санаттары бойынша үш сыйлықтан беріледі. Жыл сайын еліміздің 200-ден астам кәсіпорны «Алтын сапаның» үміткері болады.

 «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі үш номинация бойынша өткізілді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»; «Халыққа арналған үздік тауарлар»; «Үздік азық-түлік тауарлары».

Байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары төрт жыл бойы байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер