«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл кәсіпкерлерінің құқықтары қорғалды

2019 жылғы 18 Сәуір
- Маңғыстау облысы
4096 просмотров

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің хатшысы А. З. Жанаев Қарақия ауданы Құрық ауылындағы ӨКП филиалының алаңында кәсіпкерлердің көшпелі қабылдауын жүзеге асырды

Қабылдауға жеке кәсіпкерлер Г. Кулмашева, Б. Атаниязов келді. Олар  «Мостострой» ЖШС-нен автокөлік қызметі үшін төлеуі тиіс қаражатын өндіріп беруді сұрап жүгінді. Аталмыш серіктестікке кәсіпкерлер 2018 жылы көліктік қызмет көрсеткен. Бірақ әлі күнге дейін тиісті ақысын ала алмай жүрген болып шықты. Кеңес мүшелері кәсіпкерлерге берешекті даусыз өндіріп алу жөніндегі талаптар бойынша нотариуске жүгінуді ұсыныды. Өйткені, Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңының 15-бабы 1-34-тармағына сәйкес, нотариус атқарушылық жазбаларды жасайды.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Заң «атқарушылық жазбаларды жасау» болып толықтырылды. Атқарушылық жазба борышты өндіру рәсімін өте жылдам және түсінікті жасауға мүмкіндік береді. Өйткені, сот процестеріне оған уақыт пен қаржы жұмсаудың қажеті жоқ. Нотариусқа жүгіну, жазу алу, содан кейін борышкермен жұмыс істей бастайтын сот орындаушыларына бару жеткілікті, оның ішінде банк шотынан ақшаны есептен шығару, мүлікке тыйым салу, шетелге шығуға тыйым салу, құжаттарды алуға тыйым салу және т. б. 

Ал, Бексарыева А. 0,25 га көлеміндегі жер телімін алу және М. Ерзаков мал алуға қатысты даулар бойынша хабарласты. Барлық сұрақтарға заң аясында түсініктеме берілді.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мәселелерін жедел және жүйелі шешу мақсатында құрылған.

Осыны іске асыру мақсатында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан саясатқа кеңес төрағасы мен хатшысы Палата алаңында да, облыс аудандарына да барып жеке қабылдауын жүзеге асырады.

Жыл басынан бері кеңес төрағасы 20 кәсіпкерге жеке қабылдау ұйымдастырды. Кездесуде  жер қатынастары бойынша 7 мәселе,  3 мемлекеттік сатып алу ісі туралы өтініш түскен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер