«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстау облысындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелері «Атамекенде» талқыланды

2019 жылғы 12 Наурыз
- Маңғыстау облысы
6251 просмотров

Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының проблемалары талқыланды

«Насихат Құрылыс» ЖШС, «ХазарМұнайГазҚұрылыс» ЖШС және «Т & S Констракшн» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларына ақы төлеу бойынша облыстық білім басқармасы өз міндеттемелерін орындамағаны туралы өңірлік кәсіпкерлер Палатасына өтінішпен келді.

«Жеке әріптестердің негізгі талаптары- аймақтағы білім басқармасынан тұщымды жауап ала  алмай жүруі. Білім басқармасы бақылау шоттарындағы қаражаттың жетіспеушілігінен берешектерді өтемеу себебін түсіндірдіріп отыр. Соған қарамастан МЖӘ жобалары үшін қаражат алдын-ала жоспарланып, қаржыны игеру неге мерзімінде жоспарланбағаны үлкен мәселе туындатты», - дейді ӨКП кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің бастығы Әсем Нұрсейітова.

Жеке серіктестер білім басқармасына бірнеше рет шағым жіберіп, тиісті жауаптарын алмаған. Өтініш берушілерден бюджеттік жоспарлау және бюджет шығыстарына аудит жүргізу сұралады.

Өз сөзінде Маңғыстау облысы білім басқармасы бастығының орынбасары Нұрлыбек Қойжанов мемлекеттік-жекеменшік серіктестердің міндеттерін орындау кезінде форс-мажорлық жағдайлар кездескені туралы хабарлады. Оның айтуынша, жеке серіктестердің қарыздарын төлеу үшін бюджеттің арнайы шотында қаражат жоқ. Сондай-ақ, білім департаменті «ХазарМұнайГазҚұрылыс» ЖШС-нің келісімшартта көрсетілген талаптардың орындалмағанын алға тартып, мәселе сотта шешілетінін жеткізді.

Ақтаудағы мұз сарайының құрылысы бойынша МЖӘ жобасын жанама түрде көтеру мәселесі де осы басқосудың тақырыбына тұздық болды. Құрылыстың басталмағанына қарамастан бюджеттік қаражат есебінен төлемнің алдын-ала жасалуы орынсыз,- дейді кәсіпкерлер. Алдымен  «Насихат Құрылыс», «ХазарМұнайГазҚұрылыс» және «Т & S Констракшн» ЖШС-нің өз уақытында аяқтаған нысандарының төлемі жасалмағаны қатты қынжылтты.

"ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Чимбай Сұлтанов: «Бұл жағдайға жеке меншік серіктестіктің де, Маңғыстау облысының Қазынашылық департаменті мен облыс әкімдігінің де кінәсі жоқ делік. Бірақ түптеп келгенде бизнес өкілдеріне, олардың кәсібіне үлкен залал келді.  Кәсіпкерлердің барлық банктік шоттары бұғатталды. Несиелері проблемалық санатқа ауыстырылып және «Даму» қорының «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінетін субсидиялары да тоқтатылуы мүмкін»,- деді.

Дөңгелек үстел соңында Маңғыстау облысының білім мен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына облыс әкімі орынбасарының қолы қойылған тиісті хаттарды екінші деңгейлі банктерге жіберу туралы шешім қабылданды. Соның көмегімен жеке серіктестердің кесте бойынша кешіктірілген төлемдерін кейінге ығыстыру және есептелген өсімпұлдарды алып тастау шаралары қолға алынуы тиіс. Сондай-ақ, Маңғыстау облысының полиция департаменті мен еңбек басқармасына қаржы міндеттемелерін орындамаған аталмыш серіктестерге тексерулер жүргізілмеу туралы хабарлама жіберілуі қажет. Маңғыстау облысы мәслихатының сессиясының 2019 жылға арналған бюджетті бекіту туралы шешімін әділет органдарында тіркеуге бақылау жасау тапсырылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер