«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жекеменшік балабақшалар мәселесі талқыланды

2018 жылғы 22 Қараша
- Маңғыстау облысы
4218 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында «Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мәселелер» тақырыбында басқосу өтті.

Маңғыстау облысының жекеменшік мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдары» қауымдастығының президенті Т. Болатбаеваның айтуынша, өңірдегі мемлекеттік емес балабақшаларда өрт қауіпсіздігі, азық-түліктерді сақтау, санитарлық талаптарды орындау жағдайларында көптеген кемшіліктер бар. Осы тұрғыдан эпидемиолог мамандардың да айтатын өз уәждері жеткілікті. Мәселен, жуырда 21 бөбекжай тексерілген. Олардың 19-ның талапқа сай еместігі анықталды. Тиісті айыппұлды төлеген соң мектепке дейінгі мекемелер кемшілікті қайталауын тоқтатар емес. Балабақша басшыларына сын-ескертпелер мен талаптар пысықталғаннан кейін жұмыс барысында кездесіп жатқан қиындықтар мен ұсыныстар айтуға мүмкіндік жасалды. 

«Бақыт» балабақшасының директоры Лариса Гурьева:

«Мемлекеттік тапсырыс бойынша балабақшаға бүлдіршіндерді қабылдау тек 3 жастан бастап рұқсат етіледі. Біздің мүмкіндігіміз одан да кіші жастағы балаларды бағып, тәрбиелеуге жетеді. Сондықтан да жекеменшік балабақшаларға 3 жастан төменгі балғындарды қабылдауға ықпал етуіңізді сұраймыз».

Бұған мамандар да пікір білдірді.

«Мемлекеттік органдар мен жекеменшік білім, тәрбие беретін оқу орындары арасында әкімшілік кедергілер пайда болған жағдайда кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған кәсіпкерлер құқығын қорғайтын кеңес бар. Жүйелі түрде қайталанатын қиындықтар туралы осында келіп, арыздануға болады. Біз заңды тұрғыдан оң шешіп беруге көмектесеміз», – дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әсем Нұрсейітова.

Басқосу қорытындысында жекеменшік балабақша қожайындарын Маңғыстау облысының жекеменшік мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдары қауымдастығына енуге кеңес берілді.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер