«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Егістіктерді суаруда Израиль технологиясы озық

2018 жылғы 06 Тамыз
- Маңғыстау облысы
4040 просмотров

Маңғыстау облысы Құрық ауылында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2 айлық курс басталды.

«Атамекен» КП Қарақия аудандық филиалы қызметкерлері ұйымдастырған шара тақырыбы:«Егін шаруашылығын өсіру және өнімдерін сату үшін арнайы шаруашылық құру». Мұнда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, бау-бақша мен көкөніс егу теориясы пысықталып, тәжірибелерімен бөлісті.

«Aгророст» қауымдастығының президенті  Нұрсұлу Жайынбаева:

«Бұл басқосуда Израиль тәжірибесін талдадық. Онда құмда, ыстық шөлде, суы тапшы аумақта жемістер мен көкөністерді бірнеше тонна қылып жинап алады. Бұл елде су ең құнды тіршілік көзі, қолданылатын барлық технологиядан қымбат. Әрбір өсімдікке су жеткізу үшін жүздеген шақырымдық құбырлар тартылып резервуардан су бөлу компьютерлермен реттеледі. Өсімдік шаруашылығы маусымында тор немесе басқа да арнайы  материал қолданылып, судың булануын азайтады. Соның көмегімен аз суару талабы жүзеге асады».

Дәріс барысында шетелде жылыжай немесе егістік шатырдай, шағын бөлменің көлеміндей жерге егіледі. Оларды суару үшін тиісті уақытта су құятын бағдарламамен терминал орнатылған.

«Әр екі жылда құбырларды ауыстыру, компьютерлік бағдарламалар шығындары, күннің торы, қызметкерлер мен оларды оқыту құны өте қымбат тұрады. Соған қарамастан шығын толық ақталуда. Израильдің жеміс-жидектері мен көкөністері бүкіл әлемге жіберіледі. Осы технологиялардың барлығы Маңғыстаудың табиғи жағдайларында да қолдануға қолайлы», – дейді жас агроном Хайролла Нұрбек.

 Ол Б. Городовиков атындағы мемлекеттік университетінің түлегі. Жас агроном кәсіпкерлерге  жер мен су ресурстарын ұтымды пайдалану әдісін тереңірек түсіндірді. Курсқа қатысушылар білімді мамандардан ауылшаруашылығы саласын тың әдіспен игеру жолын толыққанды үйренетініне сенімді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер