«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еселі еңбек «Алтын сапа» байқауында ақталмақ

2018 жылғы 28 Наурыз
- Маңғыстау облысы
4403 просмотров

Отандық тауарлардың сынға түсер уақыты таяу

Осы жылы Қазақстанның тауарлары тағы көзіқарақты комиссия мүшелерінің талдауынан өтпек. Сондай-ақ, биыл байқауға қатысушыларға Астанадан арнайы маман келіп, әр аймақта кездесу семинар өткізбекші.

 «Атамекен» ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директорының орынбасары Салтанат Әбдікәрімованың сөзіне сүйенсек семинар барысында  Маңғыстау облысының кәсіпкерлеріне материалдарды ресімдеу, есептерді дайындау талаптары мен қатысу ережесі  түсіндірілмек. Сонымен қатар «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін өнім өндіретін және қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алатынын айта кетті. Сондықтан аймақ кәсіпкерлері байқауда бақ сынаймын десе, мамыр айында семинар ұйымдастырылатынын қаперіңізге береміз. 

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына Қазақстан аумағында өндіріспен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. «Алтын сапа» Президент сыйлығын алуға ниеттілер Қазақстан аумағында кем дегенде 3 жыл өндіріс өндіру мен қызмет көрсету саласында жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар, қатысушылардың ИСО мемлекеттік сертификаты болуы міндетті.

Естеріңізде болса, былтыр Маңғыстаудан кеткен 7 компанияның 4-уі ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев және Маңғыстау облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Сәуле Халеловадан құттықтаулар мен арнайы сыйлықтарын алды. Бұл байқауда өңірдегі «Жамал-ай» фабрикасы «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында 3-ші орынды иеленді. «МКС Логистик» ЖШС-не «Ұлы дала елі» атағы тағайындалды. Ал, «Каскор Машзауыт» Республикалық «Алтын сапа» байқауының сыйлығы бұйырды.  «Каспий Битум» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінде «Іскер» номинациясының жеңімпазы болды.

Айта кетелік, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауынан  Маңғыстаудың кәсіпкерлері 2006, 2014, 2015 жылдары жеңіспен оралған. Ал, «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінен 2012, 2013 жылдары жеңіске жеткен еді.

Жалпы «Алтын сапа» байқауына қатысу тегін. Басты мақсат «Қазақстанда жасалған» деген брендпен қатысушылар қатарын ұлғайту.  «Алтын Сапа»  ол мықтыларды анықтайтын байқау.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер