«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстау делегациясының Біріккен Араб Әмірлігіндегі іссапары

2018 жылғы 13 Наурыз
- Маңғыстау облысы
9001 просмотров

11 наурыздан бастап Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бастаған делегация Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен келді

Экономикалық бизнес форумға келген аймақ басшысы мен Қазақстандық делегация алдымен DP World холдингінің басшысымен кездесіп, жұмысымен танысты. DP World (Dubai Port World) - әлемдегі ірі порт операторы. Ол Дубайдың «Джебель Али» еркін экономикалық аймағына орналасқан. Компания әлемнің 30-дан астам  мемлекетінде жұмыс істеп тұрған 60 терминалды басқарады. Дубай әмірлігінің үкіметі мен DP World компаниясының стратегиясы -  түрлі бағыттардағы жүктерді жедел тасымалдау үшін ыңғайлы әуе, жер және теңіз байланысын қамтамасыз ететін мультимодальдық көлік-логистикалық хаб құру.

DP World компаниясы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен Ақтау теңіз айлағын дамыту үшін басқарушылық кеңес беру қызметтерін көрсетеді. Сондай-ақ, алпауыт компаниялар үшін жаңа логистикалық шешімдер жасайды. Кездесу барысында DP World компаниясы мен Маңғыстау облыстық әкімідігі арасында осыдан біраз уақыт бұрын жасалған меморандум сөз болды.  Аталған компания «Ақтау теңіз порты» АЭА бірлесіп жұмыс жасауға ниет танытты.

Сондай-ақ аймақ басшысы жұмысшы делегациямен бірге теңіз порттарының ішінен 9-орынды иеленген әлемдегі ең ірі контейнерлік «Jebel Ali Free Zone» АЭА – ның жұмысымен танысты. Бұл транзиттік логистикалық жүйедегі маңызды трансшекаралық кешен. Джебель Әли порты Таяу Шығыстағы ең ірі порт болып саналады.

Оның аумағы 134 шаршы метрді құрайтын 67 айлағы бар, соңғы технологиямен және үлкен қоймаларымен сондай-ақ, бөлме ішілік температура мен ылғалдылықты бақылайтын құрылғымен жабдықталған.

Соңғы он жылда Джебель Әли портының контейнерлік тасымалдардың жылдық қуаты 150% жеткен. Бұл көрсеткіш барлық Үндістанның теңіздегі жүк тасымалынан  асып түскен. Өйткені, БАӘ жыл сайын орта есеппен 1,6 млн. тонна бидайды импорттайды. Орта есеппен алғанда, ішкі тұтынуға 1,2 млн. тонна жұмсалып,  қалғаны қайта экспортталады. «Ақтау Теңіз Норт Терминал» ЖШС мен «DPWorld» арасында жасалған алдын-ала келісімшарттың негізінде қазір  бизнес-үдерістерге талдау жүргізіліп, маркетинг қызметтеріне байланысты келіссөздер жүргізлді.

Аталған жобаларды жүзеге асыру барысында Қазақстанның көлік-логистикалық қызмет көрсету нарығында Орта Азиядағы транзиттік мемлекет ретінде бәсекеге қабілеттілігін арттырмақ.  Жібек жолы бағыты бойынша Парсы шығанағы, Кавказ, Түркия және Оңтүстік Еуропа нарықтарына жүк тасымалның жүрісін жақсартпақ.

Маңғыстаулық делегаттар мұнан соң, түйе сүтінен өнім дайындайтын «Emirates Industry for Camel Milk & Products «Camelicious» компаниясының қызмет барысымен танысты.

12 наурыз күні  Әбу-Даби мен Маңғыстау кәсіпкерлері арасында әуетасымалдау, ақпараттық технологиялар және мұнай өнеркәсібі салаларындағы іскерлік қарым-қатынасты нығайту мақсатында Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян мен аймақ басшылығының қатысуымен  Қазақстан-Әмірліктері бизнес-форумы өтті.

Сәуір айынан бастап, Ақтау – Дубай-ақтау бағыты бойынша әуе рейісінің ашылуы жоспарланып отыр. Форум барысында түйе сүтін қайта өңдеу бойынша әріптестік ынтымақтыстық туралы келісімге қол қойылды.

Өз кезегінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоқжанов Араб Әмірлігіндегі басқарушы өкілдері мен кәсіпкерлерді Маңғыстауға қазан айында жұмыс сапарымен келуге шақырды. Сондай-ақ, Ақтаудың  Арнайы экономикалық аймағында құны 50 млн. доллар болатын логистикалық орталықтар мен қоймаларды салуға Араб Әмірлігіндегі «BiPiBi» компаниясы инвистиция құятын болды.  Бұдан өзге, құрылысы жыл соңында басталатын Ақтауда бизнес-орталық пен қонақ үйі бар 35 қабатты көпфункционалды тұрғын үй кешені салынатын  меморандумға қол қойылды.

Араб инвесторлары Маңғыстауда тың жобаларды қаржыландырып, іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді. Экономикалық форум аясында, Маңғыстау облыстық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрбек Қарасайұлы мен Абу Дабидің сауда-өндірістік палатасының бас директоры Abdulla Ghurair арасында екі жақты кездесу өткен болатын. Қос тараптар алдағы уақытта әріптестік байланыс орнатып, тың жобаларды іске асыру туралы келіссөздер жүргізді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер