«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау Бизнес» түлектері бизнесте

2018 жылғы 20 Ақпан
- Маңғыстау облысы
8670 просмотров

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарына арналған бағдарлама аясында «Бастау Бизнес» жобасы құрылған болатын

Бүгінде «Бастау Бизнес» мектебінен өткен жандардың көбі кәсіп бастаған.

Олардың бірі – Ізберген Динасылов. «Бастау Бизнес» жобасының курсын оқымай тұрып Ізберген қой шаруашылығымен айналысқан болатын. Кейін 2 млн теңге көліменде несие алып, 7 жылқы сатып алады. Кәсіпкер биылдан бастап қымыз сатуды қолға адлмақ. Оның шаруашылығы Ақтау-Құрық тас жолы бойында орналасқан.

Екінші кәсіпкер  – Амангелді Жұмамұратов. Ол «Бастау Бизнес» жобасы 6-легінің түлегі. Мұнайлы ауданынң кәсіпкері «Атамекен» шағын несиелеу ұйымы арқылы 2,5 млн теңге несие алды. Оның мақсаты – жылқы фермасын заманауи стандарттарға сай салып, тұрғындарға 100% экологиялық таза өнім ұсыну және жылқы етін сату. Қазір кәсіпкердің 10 жылқысы бар.

 «Бастау Бизнес» курсын аяқтаған соң Венера Дидарова 30 жуық сиыр сатып алды.

 «Өндірілген сүттің сапасы мен маңызы жоғары. Сүттен ірімшік жасап, жергілікті дүкендерге өткіземін», – деді Венера.

 «Бастау Бизнес» жобасы  – ауыл тұрғындардың іскерлік сауаттылығын арттырудағы  бірігей жоба. Айта кетелік, әркім жоба бойынша 1 ай оқып, бизнес ашуға мүмкіндігі бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер