«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұнайлыдағы жобалар өміршеңдігін көрсетті

2018 жылғы 16 Ақпан
- Маңғыстау облысы
5492 просмотров

Халық көңілінен шыққан жоба

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлерді дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асқан «Бастау Бизнес» жобасының түлектері арасында кәсіптерін нәсібіне айналдырып үлгерген көптеген жеке кәсіпкер бар. Бүгін мұнайлылылық бірнеше шаруаның атын атайық, таныс болыңыздар.

*Динасилов Ізберген. Осыған дейін төрт түліктен тек қойды ғана бағып келген ол "Атамекен" ҰКП жобасы аясында бір ай тегін білім алып, нәтижесінде 2 миллион теңгеге бағаланған жобасын қаржыландырды. Қазір бөлінген сомаға 7 жылқы алып, биылдан бастап сауған сүтінен өнім алуды жоспарлап отыр. Жеке шаруашылығы Ақтау-Құрық тасжолы бойында қоныстанған.

*Жұмамұратов Амангелді. «Бастау Бизнес» жобасының 6 лек түлегі. Мұнайлылық жеке кәсіпкер Амангелді де жылқы өсіру үшін "Атамекен" микроқаржы ұйымынан 2,5 миллион теңге жеңілдетілген несие алған. Мақсаты  – бордақыланған жылқы малын сойып, еттей өткізу. Қазір қорасында он шақты жылқы байлап, жемдеп отыр.

"Жоспарым – заманауи жылқы фермасын салып, тұтынушыларды 100 пайыз табиғи өніммен қамтамасыз ету», – дейді кәсіпкер.

*Дидарова Венера. «Жаңа Дәулет» ауылының іргесінде жайғасқан жайда 30 шақты сүтті, ірі қара сауып отыр. Сиырдың біразын өзі оқыған "Бастау Бизнес" жобасының нәтижесінде берілген қаржыға сатып алған. 

"Сиырлардың көбі сүтті әрі майлылығы жоғары. Соның арқасында ірімшік жасап, сауда орындарына тапсырып отырмын. Берген өніміне өкпе жоқ. Ойсыл қаралардың алды бұзаулап та үлгерді», – дейді Венера.

«Бастау Бизнес»  – «Атамекен» ҰКП-ның ауыл тұрғындарына тегін ұсынған зор мүмкіндігі, бұрын-соңды болмаған тың жобасы. Өлкеміздің әр ауданында бір ай бойы өтетін дәріске қатысып, кәсіп иесі атануға да сіздің де мүмкіндігіңіз бар екенін ұмытпаңыз. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер