«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді

2018 жылғы 07 Ақпан
- Маңғыстау облысы
10615 просмотров

Бүгінде еліміздің әр аймақтарында сүттен дайындалатын өнімдерді нарыққа шығаратын зауыттарда жоқ емес

Солардың бірі – Маңғыстауда. Көпке «Dekmy» өнімімен танымал сүт зауыты аймақ жұртшылығын ақ пен қамтып отыр. Бұл зауыттың өнімдері талай байрақты бәсекелерде оң бағасын алып, нарықта өз тұтынушыларын тапқан. Бүгінде зауыттыңсары май, ірімшік,айранқатыққұртсүзбе, сияқты өнімдерімен облыстың ауыл-аудандарының дүкен сөрелерінен қолжетімді бағаға стаып алуға болады. Тағам индустириясының көш бастап тұрған өнімі – атам заманнан бері сұранысты қажет ететін астың бірі екеін белгілі. Денсаулыққа да пайда зор өнімді әзірге сыртқы нарыққа шығару тиімсіз болып тұр, сондықтан ішкі нарықтың қажеттілігін арттыруда. Осы жерде «Ақтың» тиімді тұстарын айта кеткенде жөн болар. Диетологтардың айтуынша, ас қорыту жүйесін реттейді,  артық салмақтан арылуға септігін тигізеді, шөлді басып, құрамындағы ақуыз адам күш-қуатын арттырады. Зауыт тәулігіне 15 тонна қуаттылықпен жұмыс жасайды. Сүт өнімдерін Беларусь елінен тапрысыпен алдырады. Зауыт жаңа инновациялық құрал-жабдықтармен қамтылған.

Зарета ФАТАЛИЕВА - «Dekmy» сүт зауытының басшысы:

«Жаңа техниканың тілін түсінетін технолог мамандарды да арнайы шақыртып, оқытамыз. Өйткені, бізде Ақтауда технолог мамандарын дайындайитын оқу орындары аз. Сол себепті өзіміз оқытып, кейін жұмысқа қабылдайтын кездеріміз де болады. Бірақ, зауыттағы смамандарымызды қайта даярлау курсы мен тәжірибе алмасға жіберіп отырамыз. Ол міндетті түрде»

Зауытта білікті мамандар жұмыс жасайды, көпшілігі жас қызметкерлер. Мекеме басшысы жоғары оқу орнын енді тәмәмдаған жас мамандарға қолдау білідіріп, қашанда ақыл кеңесімен бөлісіп отыратынын алға тартты. Сондай-ақ, әр уақытта басқа зауыттар мен тәжірибе алмасып, тұтынушылардың сұранысын күшейту үшін жаңа бағдарламаларды іске асырып отырады.  Яғни, бұл жерде барлық үрдіс автоматтандырылған жүйеде жасалады. Мамандарға құрылғылардың дайындап берген тағамдарын уақытымен қадағалап тұру ғана жүктелген. Айтпақшы, зауыт жұмысшыларының айлық табысы 60 мың теңгеден басталып, 200 мыңға дейін жетеді. Ол енді, білім мен тәжірибеге байланысты болса керек.  Сүт өнімдерін дайындау барлық елде бекітілген стандарттар мен санитарлық нормаға сәйкес даярланады.

 Үлкен бизнестің шағыннан басталатынын ескеру керек. Бұл зауыттың басшысы да бір кездері шағын ғана дүниеден бастаған. Қазір, аймақта бірнеше сүт өнімдерін шығаратын нүктесі бар. Қажырлы еңбек пен талапшылдықты талап ететін істің берекесін көру тікелей адамның өзіне байланысты екенін ұмытпайық. Кәсібіңді аш, ісіңді дөңгелет!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер