«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұнайлыдағы кәсіпкер құқығы қорғалды

2017 жылғы 20 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
4965 просмотров

Жеке кәсіпкер, Мұнайлы ауданының тұрғыны Есқуат Қайырқожаев жер телімінің пайдалану мақсатын өзгерту барысы күрделі мәселеге айналған

Әуел баста кәсіпкер дәнекерлеу цехының құрылысын салу үшін жер сатып алған. Жылжымайтын мүлік автокөліктерге қызмет көрсету орталығының құрылысын салу және пайдалану мақсатына арналып, құжатта бекітілген. Кәсіпкердің жоспарланған ісі жердің негізгі бөлінген мақсатымен байланыспайды.

ҚР Жер кодексінің талабына сәйкес кез келген жер телімі нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуы тиіс. Сондықтан Есқуат Қайырхожаев істі бастамас бұрын, ең алдымен, заң бұзбай, жердің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім қабылдады.

Кәсіпкер жергілікті атқарушы органға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге қатысты өтініш білдірген. Алайда жер комиссиясы тарапынан «Маңғыстау ауылының Бас жоспары негізінде учаскеңіздің аумағына темір жол желісі түсуіне байланысты, өтінішіңізді қанағаттандырудан бас тартылғандығын қаперіңізге береміз» деген мазмұнда жауап берілген.

Маңғыстау ауылының жер комиссиясы шығарған шешімге келіспеген жеке Есқуат Қайырхожаев осы мәселе бойынша Кәсіпкерлер палатасының Мұнайлы аудандық филиалына жолығады. Кәсіпкердің арызымен мұқият танысқан аудандық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кәсіпкер құқығының бұзылғандығын анықтап, аталған арызды жер комиссиясының отырысында қайта қарауға жолдайды.

Нәтижесінде жер телімінің нысаналы мақсаты кәсіпкер қалағандай өзгеріп, талап арыз қанағаттандырылды. Осылайша Кәсіпкерлер палатасының Мұнайлы аудандық филиалы жеке кәсіпкердің құқығын қорғап, мәселесінің оң шешім табуына себепкер болды.

Ал кәсіпкер Есқуат Қайырхожаев заң талабының орындалғаны үшін дер кезінде қол ұшын созып, заңнамалық көмек көрсеткен Кәсіпкерлер палатасының Мұнайлы аудандық филиалына ұжымына алғысын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер