«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстау облысында мектеп формасының үлгісі таныстырылды

2017 жылғы 25 Тамыз
- Маңғыстау облысы
5815 просмотров

Батыс өңірінде мектеп формасы жергілікті өнеркәсіпте тігіледі

Маңғыстау облысы әкімінің қатысуымен мұғалімдердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Жиын аясында Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімі жергілікті кәсіпкерлердің мектеп киім үлгілерін ұсынған көрмесін ұйымдастырды.

Бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы, облыстағы үздік кәсіпорындардың бірі  «Жамал-ай ЛТД» ЖШС мектеп формаларының бөлек, аяқ киім үлгілерін көпшілікке таныстырды. Сапасы жоғары әрі жаңа заманға сай. Бір қуантарлығы, барлық өнім түрлері жергілікте өнеркәсіпте тігілген.

Ал «Школьная форма» брендімен таныс кәсіпорын Маңғыстау облысының нарығына биыл ғана кіріп отыр. Осыған дейін тек Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысындағы мектептерді киім формасымен қамтып келген. Бұл жеңілөнеркәсіп мекемесінің өнімдері де елімізде тігіледі.

Сондай-ақ көрмеде «Made in Kazakhstan» сауда маркасымен «Aktau school» мекемесі өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынды.

Бұл көрмеде мектеп формаларынан бөлек, «Intellectum» балаларды дамыту орталығының ұсынған ойын түрлері де көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Көрме барысында ерекше, интеллектуалды ойындар арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, көкжиегін кеңейтуге сеп болатын орталыққа бірнеше адам жазылып үлгерді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер